Тау шақшақайы
Тау шақшақайы | ||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Амандық күйі | ||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
Motacilla cinerea Tunstall, 1771 | ||||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||||
Motacilla melanope |
Тау шақшақай (лат. Motacilla cinerea) — Торғайтәрізділер отрядына жататын Шақшақай тұқымдасының негізгі Шақшақайлар туысының ұзын құйрықты құсы. Бұл шағын денелі 14-20 г, әдемі шақшақай барлық сары өңді туыстарынан ұзын құйрығы бойынша жақсы ажыратылады. Жонының реңі де өзгеше-қошқыл, шифер түстес сұр түсті. Қанаты да жіңішке ақ жолақты қаралтым болып келеді. Аналығында ашық сары реңкті тамағында үшбұрышты теңбіл болады.
Қазақстанда оңтүстік және шығыстың таулы өлкелерінде өмір сүреді. Әрқашан тау өзенднрі мен бұлақтарының жанында орын тебеді. Ол бұл жерде тастардың арасынан су маңынан бунақденелілерді іздестіреді, көбінесе оларды жерде жүріп қуып жетеді немесе солардың соңынан әуелеп ұшады. Дауысы үш еселенген "цицици", оқта-текте сайрайды, алайда күйттік кезеңде құсойнақ жасайды. Ұяларды су жағасынан онша алыс емес жасырын қалқалы жерлерге салады. Бір жылда екі рет балапан өргізеді. Қазақстанда сәуірден қыкүйек бойы өмір сүреді. Қалған уақыттарды Африкада және Азияның оңтүстігіндегі жерлерде өткізеді[2].
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Motacilla cinerea. IUCN Red List of Threatened Species. Version 2013.2. International Union for Conservation of Nature (2012). Тексерілді, 26 қараша 2013.
- ↑ Құстар. Мектеп энциклопедиясы, 2010, Ковшарь Анатолий Федорович, ISBN 978-601-282-168-0, 352 бет, Алматы: Атамұра