Тив (халық)
Тив | |
мунши | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
4,7 млн. | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Нигерия |
4,6 млн. |
Камерун |
2 000 |
Тілдері | |
Діні | |
дәстүрлі нанымдар, суннизм |
Тив (мунши)[1] — Нигерияның оңтүстік-шығысындағы халық. Негізінен Бенуэ, Плато және Гонгола штаттарында, Бенуэ өзенінің екі жағалауында тұрады. Олар тив, ийон, угбе, утанге (утанга, отанк) және ундир (ндир) болып бөлінеді. Саны 4,63 миллион адам (2022, бағалау). Камерунның оңтүстік-батысында (2 мың адам), сондай ақ Экваторлық Гвинея, Гана, Сьерра-Леоне, АҚШ, Ұлыбритания және басқа да Еуропа елдерінде тұрады. Жалпы саны шамамен 4,7 миллион адамды құрайды.[2]
Тілі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тілі - нигер-кордофан отбасының бенуэ-конго тобына жататын тив тілі.[3] Жазуы XX ғасырдың басынан бастап латын әліпбиіне негізделген.
Діні
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Көпшілігі дәстүрлі нанымдарды сақтайды, бір бөлігі сүнниттік мұсылмандар, христиандар да бар.[4]
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Тив этникалық тобы оңтүстік-шығыстан қазіргі мекеніне қоныс аударған делінеді. Тивтер Камерун таулары мен Конго өзені арқылы Батыс Африка Суданының саванналарына келгенге дейін батыс-орталық, оңтүстік және оңтүстік-орталық Африканы аралады. Олардың еуропалықтармен ең алғашқы кездесуі 1852 жылы Бенуэ өзенінің жағасында болды. Тив қауымы еуропалық мәдениетпен отаршылдық дәуірде байланысқа түсті. Полковник Хью басқарған нигериялық полк 1907 жылдың қарашасынан 1908 жылдың көктеміне дейін Тив қауымдастығымен кездесті. Хью тив тайпасының басшыларына көптеген сыйлықтар әкелді. Кейінірек отаршылдар тивтер мен еуропалықтар арасында сауда байланысын орнатуға көмектесетін жолдар салды.[5]
Кәсібі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Негізгі кәсібі - егіншілік (ямс, құмай, кассава, тары, ямс, соя, күріш, мақта), ешкі, қой, шошқа және құс өсіріледі. Аңшылық, балық аулау және терушілік көмекші болып табылады. Қолөнердің ішінде тоқу дамыған.[6]
Тұрмыс салты
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Дәстүрлі қоғамдық ұйымның негізін үлкен отбасылық қауымдар (тар), жас топтары (куав) және құпия қоғамдар (мбатсав) құрайды. Әртүрлі өзара көмек қоғамдары (адаши, динна) бар. Туысқандық есеп патрилинейлік болып табылады. Неке вирилокальды, әмеңгерлік, алып қашу және сатып алынған неке жиі кездеседі. Әкімшілік-салттық қызметтерді ақсақалдар мен үлкендер атқарды. Ұлдарды сүндеттеу, скрификациялау, татуировка жасау және тістерді егеу (кейде қағумен бірге) қолданылады.
Елді мекендердері – әдетте бір-бірінен едәуір қашықтықта орналасқан 2-ден 40-қа дейінгі лашықт ардан тұрады. Үйлері дөңгелек пішінді, қабырғалары сазбен сыланған, шатыры сабанмен жабылған.
Дәстүрлі киімдері – белге оралып, тізеге дейін жететін мата бөлігі. Ерлер сәлде киеді.
Азық-түлік негізінен өсімдік тектес (ботқа, бұқтырылған ет, қайнатылған және пісірілген түйнектер), ет пен балық сирек қолданылады.
Фольклорлық жанрлардың ішінде ең көп таралғаны космогониялық және этногенетикалық аңыздар.
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Тив https://megabook.ru/article/%D0%A2%D0%B8%D0%B2%20(%D0%BD%D0%B0%D1%80%D0%BE%D0%B4)
- ↑ Большая российская энциклопедия https://bigenc.ru/c/tiv-narod-57daa1
- ↑ Тив https://dic.academic.ru/dic.nsf/ruwiki/1649231
- ↑ Значение слова ТИВ в Большом российском энциклопедическом словаре https://slovar.cc/enc/bolshoy-rus/1748993.html
- ↑ Кто такие Тив? https://stranatur.ru/who-are-the-tiv.html
- ↑ Тив https://slovaronline.com/browse/4a08c56d-2a14-3b61-8d43-ed28f8238f2c/%D1%82%D0%B8%D0%B2