Аустралия
Аустралия (ағылш. Australia, ХФӘ: [əˈstreɪljə], лат. austrālis — «оңтүстік» деген сөзден), ресми аталуы — Аустралия Одағы (ағылш. Commonwealth of Australia[4], ХФӘ: [ˈkɒm.ənˌwɛlθ əv əˈstreɪljə]) — Аустралия материгі мен Тасмания аралында және көптеген кішігірім аралдарында орналасқан мемлекет. Аустралия Одағы Шығыс Тимор, Индонезия, Папуа — Жаңа Гвинея, Вануату, Жаңа Каледония, Соломон аралдары, және Жаңа Зеландия елдерімен теңіз арқылы шектеседі. Аустралияның астанасы — Канберра қаласы. Ірі қалалары — Сидней және Мельбурн. Аустралия Үлкен жиырмалық (G20), ЕЭЫДҰ, ДСҰ, АТЭЫ, БҰҰ, Британ достығы, АНЗЮС, Тынық мұхит аралдарының форумы ұйымдарының мүшесіне кіреді.
Аустралия Одағы ағылш. Commonwealth of Australia | |||||
| |||||
Ұран: «Advance Australia Fair» «Алға, әділ Аустралия» | |||||
Әнұран: «Advance Australia Fair» (тыңдау ) | |||||
Тарихы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Тәуелсіздік күні | Доминион: 1 қаңтар 1901 Вестминстер статуты: 11 желтоқсан 1931 (9 қыркүйек 1939 қабылданды) Аустралия Жарғысы: 3 наурыз 1986 (Британ империясынан) | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
Ресми тілі | жоқ (де-юре) Аустралиялық ағылшын тілі (де-факто) | ||||
Елорда | Канберра | ||||
Ірі қалалары | Сидней, Мельбурн, Брисбен, Перт, Аделаида, Голд-Кост, Ньюкасл, Канберра, Вуллонгонг | ||||
Үкімет түрі | Федералды парламенттік конституциялық монархия | ||||
Патшасы Генерал-губернаторы Премьер-министрі |
III Чарльз Дэвид Харли Энтони Албаниз | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы • % су беті |
Әлем бойынша 6 орын 7 692 024 км² 0,76 | ||||
Жұрты • Сарап (2019) • Санақ (2016) • Тығыздығы |
25 383 200[1] адам (51) 23 401 892 адам 3,3 адам/км² (236) | ||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды (2018) • Жан басына шаққанда |
1,313 трлн.[2] $ (19) 52,191[2] $ (17) | ||||
ЖІӨ (номинал) • Қорытынды (2018) • Жан басына шаққанда |
1,500 трлн.[2] $ (13) 59,655[2] $ (10) | ||||
АДИ (2017) | ▲ 0,939[3] (өте жоғары) (3) | ||||
Этнохороним | аустралиялық, аустралиялықтар | ||||
Валютасы | Аустралия доллары (AUD, код 036) | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
Интернет үйшігі | .au | ||||
ISO коды | AUS | ||||
ХОК коды | AUS | ||||
Телефон коды | +61 | ||||
Уақыт белдеулері | UTC−8:00 UTC−10:00 |
Атау этимологиясы
"Аустралия" термині (ағылш. Australia, [əˈstɹæɪljə, -liə] аустралиялық ағылшын тілінде[5]) лат. austrālis ("оңтүстік") сөзінен шыққан. Аустралиялықтардың ауызекі сөйлеуінде Аустралияға қатысты Oz сөзі қолданылады. "Аустралиялық" сын есіміне сілтеме жасау үшін австралиялықтар Aussie ([ˈɒzi]) сөзін қолданады.
Белгісіз Оңтүстік жер туралы аңыздар (лат. Terra Australis Incognita) - «оңтүстіктегі белгісіз жер» - Рим империясының кезінен бастау алады және құрлықтың өзі туралы ешқандай білімге негізделмегеніне қарамастан, ортағасырлық географияда кең таралған.
Ағылшын тілінде «Australia» сөзін қолдану туралы ең алғашқы құжатталған мәліметтер 1625-ші жылы "Аустралия-дель-Эспириту-Санто, шебер Халклайт жазған" (ағылш. A note of Australia del Espíritu Santo, written by Master Hakluyt) және Сэмюэл Бурчак Hakluytus Posthumus-та жариялаған, мұнда испан атауы Аустралия дель Эспириту Санто (ис. Australia del Espíritu Santo), Жаңа Гебрид архипелагындағы аралға, «Australia»ға бұрмаланған[6]. «Australische» сын есімін Батавиядағы (қазіргі Джакарта) голландиялық шенеуніктер 1638-ші жылдан бері жаңадан ашылған барлық оңтүстік жерлерге қатысты қолданған[7]. «Australia» сөзі француз утопист жазушысы Габриэль де Фуиньдің ағылшын тіліне аударған «Жак Садердің шытырман оқиғалары, оның саяхаты және астральды жердің ашылуы» (фр. Les Aventures de Jacques Sadeur dans la Découverte et le Voyage de la Terre Australe; 1676) фильмінде қолданылды[8]. Бүкіл Оңтүстік Тынық мұхитына қатысты терминді шотланд географы Александр Дальримпл өзінің «Тынық мұхиттың оңтүстігінде саяхат пен ашылулардың тарихи жинағында» (ағылш. An Historical Collection of Voyages and Discoveries in the South Pacific Ocean; 1771) пайдаланады. 18-ші ғасырдың аяғында бұл терминді ботаниктер Джордж Шоу мен Джеймс Эдвард Смит «Жаңа Голландияның зоологиясы мен ботаникасы» (ағылш. Zoology and Botany of New Holland; 1793) кітабында[9], сондай-ақ Джеймс Уилсонның 1799-шы жылғы картасында Австралия құрлығына сілтеме жасау үшін қолданған.
«Australia» атауы 1814-ші жылы Австралия континентін айналған бірінші адам капитан Мэттью Флиндерстің «Terra Australis саяхаттары» жарияланғаннан кейін танымал болды. Оны дайындау кезінде Флиндерс өзінің патроны Джозеф Бэнкске Terra Australis терминін көпшілікке жақсы белгілі болғандықтан қолдануға сендірді. Флиндерс мынаны айтты:
“ | Егер мен өзіме қандай да бір жаңашылдыққа жол берсем, бұл құрлықтың атауын «Аустралияға» айналдыру болар еді, өйткені ол құлаққа жағымды және әлемнің басқа да ұлы бөліктерінің аттарымен үйлеседі.
Түпнұсқасы (ағыл.)
Had I permitted myself any innovation on the original term, it would have been to convert it to Australia; as being more agreeable to the ear, and an assimilation to the names of the other great portions of the earth.
|
” |
Бұл мәтіндегі "Australia" сөзінің жалғыз қолданылуы; бірақ Роберт Броунның "Жалпы мәліметтер, Географиялық және жүйелік, Терра Аустралис ботаникасы туралы" кітабының III қосымшасында (ағылш. General remarks, geographical and systematical, on the botany of Terra Australis; 1814) "Australian" сын есімі кеңінен қолданылады және бұл кітап сөздің алғашқы құжатталған қолданылуы болып табылады. Жалпы қате түсінікке қарамастан, кітап континенттің атауы үшін "Аустралия" сөзін қабылдауда ерекше рөл атқармады — бұл атау кітап шыққаннан кейінгі он жыл ішінде қабылданды. Жаңа Оңтүстік Уэльстің губернаторы Лаклан Маккуори бұл атауды Англияға ресми хаттарда қолданды және 1817-ші жылы 12-ші желтоқсанда Британ империясының отарлар министрлігіне оны ресми түрде қабылдауға кеңес берді. 1824-ші жылы Британдық адмиралтейство құрлықтың бұл атауын ақыры бекітті.
Тарихы
- Бірінші адамдар Аустралияға 42−48 мың жыл бұрын келген. Олар Оңтүстік Шығыс Азия жерлерінен келген қазіргі Аустралия аборигендердің бабалары. Соңғы зерттеулерге сәйкес Аустралия жергілікті тайпалары африка тайпаларымен туыстық байланыстары болуы әбден мүмкін;
- 1606-шы жылы – Голландиялық Duyfken атты кемесінің капитаны Биллем Янсзон Аустралияны ашады. XVII ғасырда голландиялықтар дүниежүзінің картасына Аустралияның батыс және солтүстік жағалауларын Жаңа Голландия деп енгізеді.
- 1770-ші жылы Джеймс Кук (ингл. James Cook) Аустралияның шығыс жағалауын ашады. Ол оны Жаңа Оңтүстік Уэльс (ағылш. New South Wales) деп атайды және оны Ұлыбритания жері деп жария етті.
Ұлыбритания американдық колонияларынан айырылып қалған соң, олар Аустралияны айдалып келген қылмаскерлердің колониясы ретінде пайдалана бастайды. Аустралияның қазіргі кездегі көптеген ірі қалалары (Сидней, Порт Филипп, Брисбен) осы айдалып келген қылмыскерлердің колониялары ретінде қаланған. 1828-ші жылғы халық санауы бойынша Жаңа Оңтүстік Уэльс штаты халқының тең жартысы қылмыскерлер болған.
1901-ші жылдың 1-ші қаңтарында доминион құқығы бар Аустралия федерациясы құрылады. 1931-ші жылы қабылданған (1942-ші жылы бекітілген) [[Вестминстерлік статусқа сәйкес Аустралия мен Ұлыбритания арасындағы жалғыс конституциялық байланысы ретінде британдық монарх болып қалады. Аустралия де-факто тәуелсіз мемлекетке айналады.
Географиясы
Аустралия - құрлықтың ішіндегі ең кішісі. Аустралия 10°41′ оңтүстік ендіктегі Йорк мүйісінен 39°11′ оңтүстік ендіктегі Оңтүстік-Шығыс мүйіске дейін және 113°05′ шығыс бойлықтағы Стип-Пойнт мүйісі мен 153°34′ шығыс бойлықтағы Байрон мүйісі аралығында орналасқан. Батысы мен оңтүстігін Үнді мұхиты, шығысы мен солтүстігін Тынық мұхиттың Тасман, Маржан, Тимор және Арафур теңіздері қоршайды. Жағасының су жырған жерлері аз кездеседі; ірі шығанақтары : солтүстігінде - Карпентария, оңтүстігінде Аустралияның Үлкен шығанағы; үлкен түбегі - Кейн-Йорк.
Оңтүстігінде Басс бұғазы (ені 224 км) бөліп жатқан Тасмания аралы бар. Шығыс жағалауын бойлай 2300 км-ге созылып, Үлкен Тосқауыл Рифі жатыр.
Климаты
Экваториалды Тропикалы Субтропикалы | Шөлді Шөлейт Қоңыржай |
Аустралия жерлері көбіне тропиктік (18-30° оңтүстік ендік), солтүстігі субтропиктік ендікте жатыр. Шығыс жағалауының климаты (солтүстіктен 30° оңтүстік ендікке дейін) тропиктік, теңіздік.
Күн радиациясы үнемі жоғары болады: 590-750 кдж/сm³; сондықтан Аустралияның барлық аудандарында температура тұрақты болады. Аустралия түгелімен дерлік 20-28° С жазғы және 12-20° қысқы изотермалар аралығында жатыр. Солтүстік Аустралияның климаты ыстық болады: жаздың ең жылы айы - қаңтар мен қыстың ең суық айы - шілде температурасының айырмашылығы шамалы.
Тропиктік ішкі аудандар мен субтропиктік белдеулерде температураның маусымдық ауытқуы анық байқалады. Қаңтардың температурасы 40° С-тан жорғары болатын ең ыстық аудан солтүстік-батыста. Температураның абсолютті максимумы Клонкарриде (Квинсленд) 53,1°С, абсолютті минимумы -4°, -6° С-қа дейін. Тұрақты аяз (-22°С-қа дейін) тек оңтүстік-шығысындағы Аустралия Альпісінде болады.
Аустралияның жағалауының аз тілімденуі, құрлықтың батыстан шығысқа қарай созылып жатуы, Үлкен Суайырық жотаның Тынық мұхиттан соғатын ылғалды желге бөгет жасауы орталық аймақта климаттың құрғақ болуына әсерін тигізеді[10][11].
Аустралияның жерінің 38 %-нда жауын-шашынның жылдық мөлшері 250 мм-ден аспайды. Солтүстік пен оңтүстіктен соғатын ылғалды желге қарсы тұратын кедергінің жоқтығынан, Аустралияда ұзаққа созылатын қуаңшылық болмайды. Құрлықтан солтүстігі мен шығысындағы тауларда жауын-шашынның мөлшері 500 мм-ден 2000 мм-ге дейін жетеді. Солтүстігіне жауын-шашынды солтүстік-батыстан соғатын экваторлық ылғалды муссон, ал шығысына Шығыс Аустралия жылы ағысы үстінде пайда болатын ылғалды ауаны Тынық мұхиттан соғатын пассаттар әкеледі. Жауын-шашынның ең көп жері - Кэрнс қаласының маңы (2243 мм-дей). Үлкен Суайырық жотадан батысқа қарай жауын-шашын мөлшері құрт азайып, батыс жағалауда 250 мм шамасында ғана болады.
Гидрология, табиғаты
Аустралияда өзен, көлдер аз. Материктің 60%-ын қамтитын ішкі тұйық алапқа уақытша кебетін өзен арналары - криктер тән. Олар қалдық көлге құяды. Өте таяз, суы тұзды болып келетін, жағалаулары қалың тұз қабыршақтарымен жабылған көлдер – қалдық көлдер. Көлдер құрғақ кезеңде тартылып қалады. Қалдық көлдер материктің батысы мен орталығында көп. Ең ірісі – Эйр көліне бағытталған Куперс-Крик. Аустралия өзендері жаңбыр және жер асты суларымен қоректенеді.
Үнді мұхиты алабына Аустралияның ең үлкен өзені – Муррей жатады. Муррей мен оның ірі саласы Дарлинг Үлкен Суайрық жотасынан басталып, Үнді мұхитына құяды. Муррей өзені жыл бойы Аустралия Альпісінен келетін сулар есебінен толығады. Құрғақ кезеңде Муррейдің деңгейі күрт төмендейді, ал Дарлинг төменгі ағысында мүлде тартылып қалады.
Аустралияда 33 артезиан алабы (жер асты сулар) бар. Мұнда дүние жүзіндегі ең ірі Үлкен Артезиан алабы орналасқан. Жер асты суларының көпшілігі тұзды болып келеді. Қабат аралық жер асты сулары 2000 м-ге дейінгі тереңдікте жатқандықтан, оларды бұрғылап, жер бетіне шығару көп қиындық туғызады.
Халқы
2021 жылға Аустралия халқының саны 26 152 604 адам болған. Аустралияның негізгі халқы Еуропадан, Америкадан қоныс аударған ағылшын тілділер, оларды аустралиялықтар деп толық айтуға болады, өздеріне тән құндылықтары, өмір салты, мінез-құлқы, мәдениеті қалыптасқан. XX ғасырдың 70-жылдары демографиялық дағдарыс және экономиканың дамуы шетелдің жұмыс күшін пайдалануды талап етті. Аустралияға ағылып арабтар, вьетнамдықтар, қытайлықтар, басқалар қоныс аудара бастады. Оларға қойылатын басты талап – Конституцияны мойындау, ағылшын тілінде сөйлеу. Қоныс аударушылардың мәселелеріне байланысты мемлекет қыруар қаржы бөлді: ұлттық тілдерде кітапхана, мектеп, БАҚ жұмыс істеді. Бүгін Аустралияда радио 68 тілде, теледидар 60 тілде хабар таратады. Бұл аздық етіп, диаспораларға парламентте, үкіметте, оқу орындарында квота бөлінді, диаспора кәсіпкерлеріне салықтардан жеңілдік берілді.
Әкімшілік-аумақтық құрылымы
Аустралия алты штатқа, екі материктік және көптеген басқа да кішкентай территорияларға бөлінеді.
- Штаттар:
- Виктория штаты - жер аумағы: 237 629 км² (Аустралия штаттары мен территориялары бойынша 6-шы орын), халқы: 5 012 000 (2-ші орын), астанасы: Мельбурн қаласы;
- Батыс Аустралия штаты - жер аумағы: 2 645 615 км² (1-ші орын), халқы: 2 003 000 (7-ші орын), астанасы: Перт қаласы;
- Квинсленд штаты - жер аумағы: 1 852 642 км² (2-ші орын), халқы: 4 020 000 (3-ші орын), астанасы: Брисбен қаласы;
- Жаңа Оңтүстік Уэльс штаты - жер аумағы: 809,444 км² (5-ші орын), халқы: 7 099 700 (1-ші орын), астанасы: Сидней қаласы;
- Тасмания штаты - жер аумағы: 90 758 км² (7-ші орын), халқы: 502 600 (6-шы орын), астанасы: Хобарт қаласы;
- Оңтүстік Аустралия штаты - жер аумағы: 1 043 514 км² (4-ші орын), халқы: 1 584 500 (5-ші орын), астанасы: Аделаида қаласы;
- Материктік территориялар:
- Солтүстік территориясы - жер аумағы: 1 420 968 км² (3-ші орын), халқы: 202 500 (8-ші орын), әкімшілік орталығы: Дарвин қаласы;
- Аустралияның астаналық территориясы - жер аумағы: 2 358 км² (8-ші орын), халқы: 339 900 (7-ші орын), әкімшілік орталығы: Канберра қаласы.
Әр штаттың және материктік территорияның өз заңшығарушы органдары (Парламент) бар. Солтүстік территориясыда, Аустралияның астаналық территориясында және Квинсленд штатында бірпалаталық ал қалған штаттарында екіпалаталық Парламенттері бар. Төменгі палата - Заңшығарушы Ассамблеясы (Оңтүстік Аустралия және Тасмания штаттарында - Заңшығарушы жиын) деп ал жоғарғы палата - Заңшығарушы Кеңес деп аталады. Штат басшылары - Премьер ал территория басшылары - Бас министр деген атақтарына ие.
Штат пен территория статустарының бас айырмашылығы - федералдық Парламент, территория Парламенттерінің кез келген шешімін өзгертуге немесе күшін жоюға құқы бар. Ал штат Парламенттерінің шешімдерін тек қана мемлекет Конституциясының 51 тармағына сәйкес келсе ғана өзгерте алады. Қалған жағдайларда штат Парламенттерінің қабылданған шешімдері өз күштерінде қала береді.
Мемлекеттік құрылымы
Аустралия Одағы |Достастық патшалықтарына кіретін мемлекет. 1931 жылы қабылданған Вестминстерлік статутқа сәйкес Аустралияның басшысы ретінде Ұлыбританияның монархы болуда. Алайда іс-жүзінде Аустралия тәуелсіз мемлекет ретінде есептелуде.
Аустралияда өкіметтің үш тарауы әрекет етуде:
- заңшығарушы тарау: Аустралия Парламенті;
- атқарушы тарау: Федералдық Атқарушы Кеңес;
- соттық тарау: Аустралияның Жоғарғы Соты.
Парламенті
Аустралия Парламенті екі палатадан тұрады: жоғарғысы - Сенат, төменгісі - Өкілдер Палатасы. Сенатта - 76 сенатор ал Өкілдер палатасында - 150 депутат бар. Өкілдер палатасына депутаттар бірмандаттық округтар арқылы 3 жылға сайланады. Парламентте әр штаттың кемінде 5 депутат өкілдері болуы тиіс. Сенаторлар партиялық тизім бойынша 6 жылға сайланады. Әр штаттың 12 сенатор және әр территорияның 2 сенатор өкілдері бар.
Жетекші саяси партиялары
Аустралияның Лейбористік Партиясы (Australian Labor Party) (1891 жылы құрылған), Аустралияның Либералдық Партиясы (Liberal Party of Australia) (1944) және Аустралияның Ұлттық Партиясы (National Party of Australia) (1916).
Либералдық және Ұлттық партияларының коалициясы 1996 мен 2007 жылдар аралығында үкіметті басқарды және 2004 жылдан бастап Сенаттыда бақылауға алған. Дегенмен 2007 жылы өткен парламенттік сайлауда, төменгі палатада көпшілік дауысты Лейбористер партиясы жеңіп алды. Сонымен қатар олар елдің бүкіл штаттардың мен территориялардың Парлменттерінде көпшілік дауысқа ие.
Сыртқы саясат
Соңғы онжылдықтарда Аустралияның халықаралық байланыстары АНЗЮС (Australia, New Zealand, United States Security Treaty) арқылы АҚШ пен Жаңа Зеландиямен, АСЕАН арқылы Оңтүстік-шығыс Азиямен және Тынық мұхит аралдарының форумы арқылы Океаниямен тығыз қарым -қатынасқа негізделген. Мемлекеттің негізгі күш-жігері сыртқы сауданы ырықтандыруға бағытталған. Аустралия көптеген дамушы елдерге көмек көрсетеді.
1996—2007 жылдары билікте болған Джон Ховард үкіметі БҰҰ шеңберіндегі халықаралық көпжақты күш-жігерді қолдау есебінен Аустралияның дәстүрлі одақтастары — АҚШ пен Ұлыбританиямен қарым-қатынасты дамытуға бағытталған сыртқы саясат жүргізді. Үкімет Қытай, Жапония және Индонезия сияқты аймақтық державалармен тату көршілік қарым-қатынасты сақтауды жақтады, дегенмен кейде мұнда проблемалар туындайды, мысалы, Шығыс Тимордағы жағдай. Аустралия көршілері — Папуа — Жаңа Гвинея, Соломон аралдары, Фиджи мен Наурудың ішкі мәселелерін шешуге қатысуын арттыруда.
2006 жылдың қаңтар айының ортасында Аустралия мен Шығыс Тимор арасындағы Тимор теңізіндегі газ және мұнай кен орындары туралы бір жарым жылдан астам уақытқа созылған келіссөздер аяқталды. Тараптар келісімге қол қойды, нәтижесінде газ өндіруден түсетін пайда 50/50 схемасы бойынша бөлінетін болады. Кен орнын игеруде негізгі үлес аустралиялық «Woodside Petroleum» компаниясына тиесілі, сонымен қатар «ConocoPhilips» және «Royal Dutch/Shell» қатысады. Мемлекеттер арасындағы шекараны демаркациялау жүргізілмеді, сонымен қатар тараптар даулы аймақта орналасқан бірлескен кен орнын пайдалануды бастау үшін шекаралық келісімді елу жылға кейінге шегеруге келісті.
Экономикасы
Аустралия индустриялы-аграрлы ел. АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, ГФР сияқты елдермен экономикалық қатынасы жақсы дамыған. Пайдалы қазбаларға бай. Көмір, қорғасын, темір, мырыш, мыс, боксит, алтын, күміс өндіріледі. Қара және түсті металлургия өндірістері, мұнай айыру өнеркәсібі дамыған. Өңдеуші өнеркәсіп салаларынан металлургия мен машина жасау, тамақ және жеңіл өнеркәсіп, химия өнеркәсібі, қағаз және полигр., ағаш кесу және жиһаз өнеркәсібі, кеме жасау, электротехникалық приборлар құрастыру кәсіпорындары елдің әр түрлі аймақтарында орналасқан. Аустралия шаруашылығының маңызды саласы — қой шаруашылығы. Ол Аустралия шаруашылығының 60-70%-ін құрайды. А.ш. дақылдарынан бидай, арпа және сұлы өсіріледі. Жер көлемінің 61%-ын жайылымдар, жемшөп алқаптары алып жатыр. А-ның ұлттық табыс көлемі 228,1 млрд. ЖІӨ жан басына шаққанда 16 мың АҚШ долларынан келеді (1995). Экспортқа жылына 65 млн долларлық өнім шығарылып, 12 млн долларлық импорттық өнім әкелінеді.
Аустралия — жоғары дамыған постиндустриалды мемлекет. Экономикалық еркіндік индексі бойынша экономиканы басқаруда laissez-faire принципін барынша толық енгізген санаулы капиталистік елдердің бірі. Аустралияның жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімі Ұлыбританиядан, Германиядан және Франциядан сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі бойынша сәл жоғары. «Экономист» журналының әдістемесі бойынша адами даму индексі бойынша ел 170-тен екінші (2009 жыл) және өмір сапасы бойынша алтыншы орынға ие болды (2005). 2011 жылы Аустралия қалаларының рекордты саны сол журнал бойынша әлемдегі ең жайлы қалалардың ондығына кірді, онда Мельбурн бірінші, Сидней — алтыншы, Перт — сегізінші, Аделаида — тоғызыншы болды[13].
Экономиканың өндіруші секторының өнеркәсіптік өндірістен едәуір басым болуы ресурстардың жоғары бағасының арқасында ғасырдың басында Аустралия экономикасының айтарлықтай өсуіне әкелді. Аустралияның төлем балансының теріс сальдосы ЖІӨ -нің 7 пайызынан асады, ал соңғы 50 жылда ағымдағы шоттың айтарлықтай тапшылығы байқалды[14]. Соңғы 15 жылда Аустралия экономикасы орташа жылдық өсіммен 3,7% -ды құрады, ал әлемдік орташа экономикалық өсім сол кезеңде 2,5% құрады[14].
Аустралия доллары - Аустралия Достастығының, сонымен қатар Кристмас аралының, Кокос аралдарының және Норфолк аралының валютасы. Сонымен қатар, бұл валюта Океанияның тәуелсіз мемлекеттері Кирибати, Науру және Тувалуда айналыста. Аустралия қор биржасы - бұл елдегі ең ірі акциялар мен туынды құралдардың сауда алаңы.
1983 жылы ел үкіметі аустралиялық долларды еркін айырбасталатын валютаға айналдырды және экономикалық жүйені реттеуді ішінара жеңілдетті[15]. Осыдан кейін еңбек нарығының ішінара реттелуіне және мемлекеттік кәсіпорындарды, ең алдымен телекоммуникация саласындағы жекешелендіруге әкелетін бірқатар реформалар жүргізілді[16]. Жанама салық жүйесі 2000 жылдың шілдесінде Аустралияның арнайы қосылған құн салығын енгізумен айтарлықтай өзгерістерге ұшырады, бұл Аустралияның салық жүйесін осы өзгерістерге дейін сипаттайтын компаниялар мен жеке тұлғалардың табыс салықтарына тәуелділігін біршама азайтты.
2007 жылдың қаңтарында Аустралия экономикасының барлық секторларында жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны 10 033 480 болды, жұмыссыздық деңгейі 4,6 % жетті[17]. Соңғы онжылдықта инфляция 2—3 %-дан аспады, ал базалық пайыздық мөлшерлеме 5—6 % аралығында өзгерді. 2008 жылдың басында жұмыссыздық деңгейі 3,9 % -ға дейін төмендеді, бірақ сол жылдың желтоқсанында қайтадан 4,4 % -ға жетті. Туризм, білім және банк саласын қамтитын қызмет көрсету саласы жалпы ішкі өнімнің 69 % -ын құрайды[18]. Ауыл шаруашылығы мен табиғи ресурстарды өндіру жалпы ішкі өнімнің тиісінше 3 % және 5 % -ын құраса да, олар экспорттың едәуір үлесін құрайды. Дүниежүзілік банктің деректері бойынша, 2012 жылы Аустралия бидай экспорты бойынша АҚШ пен Франциядан кейін әлемде үшінші орынға ие болды (17,6 миллион тонна, құны 5,7 миллиард доллар). XX ғасырдың екінші жартысында елдің экономикасы Аустралияның негізгі сыртқы сауда серіктестеріне айналатын Жапония мен басқа Шығыс Азия елдеріне бағдарланды. Аустралия өнімдерінің негізгі сатып алушылары — Жапония, Қытай, АҚШ, Оңтүстік Корея және Жаңа Зеландия. Қазіргі уақытта Аустралия елдің Жапониядан кейінгі екінші сыртқы сауда серіктесі Қытаймен еркін сауда режимін орнату бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.
Newsweek журналының мәліметі бойынша, бұл ел «Әлемдегі ең жақсы елдер» тізімінде 4 -ші орында[19]. Бұл жиынтық көрсеткіш келесі рейтингтерден тұрады: білім — 13 орын, денсаулық — 3 орын, өмір сапасы — 6 орын, экономикалық динамизм — 6 орын, саяси орта — 9 орын.
Бүкіләлемдік экономикалық форумның (World Economic Forum) мәліметі бойынша, Аустралия 2010-2011 жылдарға арналған Дүниежүзілік бәсекеге қабілеттілік индексінде (Әлемдегі бәсекеге қабілетті елдердің тізімі) 16-шы орында[20].
Жан басына шаққандағы электр энергиясын өндіру бойынша әлемде бірінші орындардың бірін алады.
Еңбек ресурстары
Аустралияда шамамен 25 миллион адам тұрады. Елдегі шетелдік жұмысшылардың үлесі 25 % құрайды. Аустралияның кейбір аймақтарында жұмыс күшінің жетіспеушілігі байқалады. Бұл, ең алдымен, осы аудандардың үлкен аумағындағы халықтың аздығына (тығыздығы H = 3 адам/км²) және халықтың көп бөлігі Аустралияның шығыс жағалауында тұратындығына байланысты. Елдің батысында Қытай, Вьетнам және Кореядан көптеген адамдар жұмыс істейді. Олардың саны тез өсуде.
Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығы — Аустралия экономикасының негізгі секторларының бірі. Аустралияның ЖІӨ -дегі ауыл шаруашылығының үлесі 3%, егіншілік пен мал шаруашылығындағы жалпы қосылған құн 155 млрд аустралиялық доллардан асады. Ел аумағының 61% -ын суармалы жерлерді жаңбырлы алқаптармен біріктіретін 135996 шаруа қожалықтары мен мал шаруашылығы кәсіпорындары алып жатыр[21].
Аустралияда үш негізгі аграрлық аймақ бар:
- Тасмания аралын және шығыс жағалауының тар жағалау аймағын қамтитын жауын-шашын көп түсетін аймақ (негізінен сүт және ет өндіру үшін қолданылады);
- егістік алқабы күздік бидайды егу және жүн мен ет алуға пайдаланылатын қойларды жаю үшін қолданылады;
- жайылымдық аймақтар аз жауын-шашынмен және аз құнарлы топырақпен сипатталады, мал жаю үшін пайдаланылады[22].
Аустралияда экспортқа да, ішкі тұтынуға да бастапқы өндірістің жоғары пайызы бар. Дәнді дақылдар, майлы дақылдар мен бұршақ дақылдары адам тұтыну үшін де, мал азығы үшін де кең көлемде өсіріледі. Бидай өсіруге арналған алаңның үлесінің жер көлемі бойынша дүние жүзінде бірі болып табылады. Қант қамысы Аустралия экономикасы үшін де маңызды дақыл болып табылады.
Аустралия көп мөлшерде жемістер, жаңғақтар мен көкөністер шығарады. Негізгі өнімдер - апельсин[23], алма, банан, каштан, картоп, сәбіз және қызанақ. Квинсленд штаты мен Солтүстік аумақ манго мен ананас жеткізушілері.
Аустралия - апиын көкнәрін фармацевтикалық мақсатта өсіретін санаулы елдердің бірі[24][25]. Тасмания аралындағы өндіріс мемлекеттің қатаң бақылауында.
Ет экспортынан түсетін жалпы кіріс шамамен 996,5 миллион аустралиялық доллар құрайды. Ірі қара мал экспортынан түсетін табыс шамамен 662 миллион аустралиялық долларды, қой етінің экспортынан 323 млн. аустралиялық долларды құрайды. Аустралиялық еттің ең үлкен тұтынушысы — Индонезия[26].
Аустралияның ауыл шаруашылығының маңызды өнімдерінің бірі — жүн. Аустралияның жүн өнеркәсібі ең жақсы мутон өндіру бойынша бүкіл әлемге танылды. 2001 жылдан бері аустралиялық жүн өндірісі әлемдік өндірістің 9 % -ын құрады. Сонымен қатар, Аустралия жұқа жүн секторында үстемдік етіп, әлемдегі мутонның 50 % -ын өндіреді. Аустралияда қой өсірілсе де, малдың 36 %-ы Жаңа Оңтүстік Уэльсте[27][28].
Аустралияның шөлді жерлерінің көптігіне, сондай-ақ жауын-шашынның тұрақты болмауына байланысты ауыл шаруашылығына жасанды суару қажет. Суарудан басқа, Аустралияның ауыл шаруашылығының алдында тұрған негізгі проблемалар — құрғақшылық, топырақ құнарлылығының төмендігі, арамшөптер, климаттың өзгеруінен туындаған жаһандық жылыну, биологиялық қауіпсіздік (импорттық өнімдер мен мал шаруашылығынан келетін биологиялық қауіптер), импорттаушы елдердегі (атап айтқанда, Еуропа мен Жапониядағы) аустралиялық экспортқа тарифтер, валютаның ауытқуы мен бағаның тұрақсыздығы[29].
Өнеркәсібі
Химия, электротехника, металлургия, автомобиль өнеркәсібі жақсы дамыған.
Орталық жазықтарда мұнай мен газ мол қоры бар. Аустралияда мұнай мен газ өндіру 1960 жылдан бері жүргізілуде. Аустралияда 130-дан астам мұнай кен орындары бар, олардың тоғызы ірі, он алтысы орташа. Бірақ, соған қарамастан, ел мұнайға бай емес.
Мұнай қорының көп бөлігі 2 құрлықтық шағын бассейнде орналасқан. Батыста — Барроу кен орны орналасқан Карнарвон, Басс бұғазы - Снаппер, Барракута, Кингффиш, Халибет және Марлин, Шығыс Аустралия бассейні — Тирравара, Гиджилла, Мурари және Мумба.
Аустралиядағы автомобиль өнеркәсібі
Аустралия — автокөлік құрастыратын және өндіретін жеке компаниялары бар санаулы елдердің бірі.
Көлік
Көлік Аустралия экономикасының инфрақұрылымының маңызды бөлігі болып табылады, өйткені бұл елдің аумағы үп-үлкен де, халықтың тығыздығы төмен. Темір жол көлігі мен автомобиль көлігі маңызды рөл атқарады.
Әлеуметтік инфрақұрылым
Білім
- Мектепке дейінгі білім
- Мектептегі білім
Аустралиядағы мектеп жүйесі ағылшын тіліне негізделген. Аустралияда мемлекеттік мектептер басым, сонда мектеп оқушыларының 70 %-ы оқиды, қалғандары — жекеше (Аустралияда 950-ге жуық жекеменшік мектеп бар). Бұл мектептердің кейбірі шіркеуге тиесілі. Жекеменшік оқу орындарының ішінде 6-сыныптан бастап шетелден балаларды қабылдайтын интернаттар бар. Ең беделді мектептерге түсу үшін бала ағылшын тілін жетік біліп, қабылдау емтихандарын тапсыруы қажет.
Сонымен қатар, ерекше қабілеті бар (таңдаулы) балаларға арналған сыныптар мен бөлек мектептер бар. Оларға кіру үшін қабылдау емтиханын тапсыру қажет.
Аустралиялықтар 5 жастан бастап мектепке бара бастайды. Аустралиядағы орта білім 13 жылға созылады — дайындық сыныбындағы бірінші жыл (Жаңа Оңтүстік Уэльстегі және елордалық аумақтағы kindergarten немесе басқа штаттардағы preschool) және мектепте 12 жыл. 10-сыныптан кейін оқушылар өз таңдауын жасайды және мектепті тастап кете алады.
- Жоғарғы білім
Аустралия университеттерінде қабылдау емтихандары жоқ. Оқуды бітіргеннен кейін университетте орын алу толығымен мектеп бітіру туралы куәлігінде көрсетілгендей бітіру емтихандарының нәтижесіне байланысты болады. Сертификаттың атауы штат пен аумаққа байланысты өзгереді, алайда атауына қарамастан, олардың барлығы Аустралия университеттері үшін бірдей «салмаққа» ие.
Ғылымы мен ғылым мекемелері
Аустралия одағында жаратылыс тану және техникалық ғалымдар 19 ғасырдың 2-жартысында дами бастады. 1847 жылы Жаңа Оңтүстік Уельсте Линней қоғамы құрылды. 1880 жылы орыс саяхатшысы Н. Н. Миклухо-Маклай Сиднейде Аустралияның тұңғыш ботаника ст-сын ұйымдастырды. 1888 жылы ғылымды дамыту жөніндегі Аустралия-Жаңазеландия қоғамы жұсым істей бастады. 1926 жылы Ғылыми және техникалық зерттеу кеңесі құрылды. 1936 жылы Ұлттық стандар лабораторияыс, Әуеде жүзу лабораториясы, Өнеркәсіптік химиялық бөлімі ұйымдастырылды. 1949 жылы бұл кеңестің орнына ғылым және жәрдемші зерттеулердің мемлекеттік ұйымы құрылып, ғылыми жұмыстардың шеңбері кеңейді. 1967 жылы ол 32 бөліміні, 4 лабораторияны қамтыды. Аустриалия Одағында ірі-ірі университеттер АҚШ, Англия және тағы да басқа елдермен байланыс жасайтын физика, астрономия, билогия жөнінде зерттеулер жүргізілетін бірнеше орталықтар бар.
Әдебиеті
19 ғасырдың басынан ағылшын тілінде дамыды.Жергілікті халықтың көне мифтері мен ертегі-аңыздары 19-20 ғасырда жазылып алынды.Алғашқы кезеңде(19 ғасырдың аяғына дейінгі) 18-19 ғасырлардағы ағылшын әдебиетінің дәстүрі басым болды.Поэзияда ода, пастораль, элегия, саяси сатира, прозада мемуар, жолжазба, тұрмыстық-отбасылық және қызық оқиғалы роман жанрлары өркендеді Ч.Роукрофт, А.Харрис, М.Кларк сияқты жазышулар прозалық шығармаларында жер аударылып келгендердің ауыр азабы мен ерікті қоныстанушылардың тұрмыс-тіршілігін бейнеледі.Поэзиядағы ұлттық өзгешеліктер алғаш демократиялық, еркіндік сүйгіш идеяларға суарылған Ч.Харпур, Аустралия табиғатының жыршысы Г.Кендалл, ұлттық әдеби балладаның негізін салушыларының бірі А.Л.Горден шығармаларында көрініс берді.Р.Болдревуд романдарында елдің тұрмысы мен мінез-салты бейнеленген.
20 ғасырдың басына қарай Аустралия әдебиеті айқын ұлттық сипатқа ие болды.Шағын жанрлар - баллада мен әңгіме дамыды.Демократиялық дәстүрдің негізін қалаушылар - Х.Лоусон, Т.Коллинз, Б.О'Дауд әлеуметтік әділетсіздікті әшкереледі.Сонымен бірге бұл кезең поэзиясында неміс романтизмі мен француз символистерінің, көне грек мифол-сының, діни сезімнің ықпалыда басым болды.1 дүние жүзілік соғыс Аустралияның одан әрі дамуына үлкен әсер етті.Әлеуметтік роман жедел қалыптасты.Психологизмге ден қою байқалды.30-жылдар романдары қоғамның, дәуірдің өткір қайшылықтарын бейнелеген әлеуметтік сыншылдық пафосымен ерекшеленеді.2-дүние жүзілік соғыстан кейінг ұлттық санының өсуі, мәдени байланыстардың кеңеюі, әлеуметтік қайшылықтардың тереңдеуі Аустралия әдебиеті дамуының жаңа кезеңін сипаттайды.Жергілікті халықты нәсілдік кемсітушілік прозадағы басты тақырыпқа айналды(Ф.Б.Викерс, Дональд Стюарт).Реалистік әңгіме өрістеді(К.Причард, В.Палмер, Дж Уотен, А.Маршалл, т.б.).Драматургия жанры дамыды (Р.Бейнон, Р.Лоулер, Мона Бренд). 60-90 жылдардағы прозалық және драмалық шығ-да(П.Уайт, Р.Стоу) модернистік, реалистік бағыттар тығыз араласып, ұштасып жатты.Поэзиядағы негізгі сипат - реалистік образдар мен дәстүрлі өлең өлшемі.Еуропалық үрдіс философиялық лирикада(Джудит Райт, Дуглас Стюарт, Д.Кэмпбелл) айқын байқалды.90-жылдары поэзияда түрлі ізденістер, жаңа авангардтық тәжірибелер байқалды.Жаңа құбылыс - жергілікті халық өкілдерінің әдебиетке келу (Кэт Уокер, Дж. Дейвис, К.Джонсон) көрініс берді.Олардың шығармаларының негізгі пафосы - қанау мен кемсітушілікке қарсылық болды.[30]
Дереккөздер
- ↑ Population clock. Australian Bureau of Statistics website. Commonwealth of Australia. Тексерілді, 24 желтоқсан 2018.
- ↑ a b c d Australia. International Monetary Fund (April 2018). Тексерілді, 22 сәуір 2018.
- ↑ UN Human Development Indices and Indicators Statistical Update. United Nations Development Programme (2018).
- ↑ Constitution of Australia. ComLaw (1 June 2003). — «3. It shall be lawful for the Queen, with the advice of the Privy Council, to declare by proclamation that, on and after a day therein appointed, not being later than one year after the passing of this Act, the people of New South Wales, Victoria, South Australia, Queensland, and Tasmania, and also, if Her Majesty is satisfied that the people of Western Australia have agreed thereto, of Western Australia, shall be united in a Federal Commonwealth under the name of the Commonwealth of Australia» Басты дереккөзінен мұрағатталған 2 ақпан 2012. Тексерілді, 5 тамыз 2011.
- ↑ Australian pronunciations: Macquarie Dictionary, Fourth Edition (2005). Melbourne, The Macquarie Library Pty Ltd. ISBN 1-876429-14-3.
- ↑ Purchas, vol. iv, pp. 1422—32, 1625. This appears to be variation of the original Spanish «Austrialia» [sic]. A copy at the Library of Congress can be read online [http://memory.loc.gov/service/rbc/rbdk/d0404/02951422.jpg. Басты дереккөзінен мұрағатталған 22 тамыз 2006.(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ {{{тақырыбы}}}. — ISBN 978-1-4191-6948-9.
- ↑ Sidney J. Baker, The Australian Language, second edition, 1966.
- ↑ {{{тақырыбы}}} — reprint. — National Library of Australia, 1975. — ISBN 0-642-99044-1.
- ↑ Kleinman, Rachel. No more drought: it's a 'permanent dry', The Age (6 September 2007). Тексерілді 30 наурыздың 2010.
- ↑ Marks, Kathy. Australia's epic drought: The situation is grim, The Independent (20 сәуір 2007). Тексерілді 30 наурыздың 2010.
- ↑ 1301.0 — Year Book Australia, 2005 (ағыл.). Australian Bureau of Statistics (21 January 2005). Басты дереккөзінен мұрағатталған 15 қыркүйек 2013.
- ↑ Liveability ranking: Melbourne storm
- ↑ a b Downwonder The Economist, March 29, 2007.
- ↑ Macfarlane, I. J. (1998). Australian Monetary Policy in the Last Quarter of the Twentieth Century. Басты дереккөзінен мұрағатталған 27 шілде 2004.(қолжетпейтін сілтеме). Reserve Bank of Australia Bulletin, October.
- ↑ Parham, D. (2002). Microeconomic reforms and the revival in Australia’s growth in productivity and living standards. Басты дереккөзінен мұрағатталған 3 тамыз 2003.(қолжетпейтін сілтеме). Conference of Economists, Adelaide, 1 October.
- ↑ Australian Bureau of Statistics. Labour Force Australia. Cat#6202.0.
- ↑ Үлгі:Недоступная ссылка Department of Foreign Affairs and Trade (2003). Advancing the National Interest, Appendix 1. Басты дереккөзінен мұрағатталған 9 сәуір 2003.(қолжетпейтін сілтеме)
- ↑ Interactive Infographic of the World’s Best Countries — Newsweek. Басты дереккөзінен мұрағатталған 27 мамыр 2016.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 28 қараша 2019.
- ↑ The Global Competitiveness Report 2010—2011
- ↑ New reference reveals facts about Australian farming. Басты дереккөзінен мұрағатталған 11 наурыз 2011.(қолжетпейтін сілтеме) Retrieved 2011-1-30.
- ↑ Shaw, John H., «Collins Australian Encyclopedia», William Collins Pty Ltd., Sydney, 1984, ISBN 0-00-217315-8.
- ↑ Citrus Industry Annual Reports. Басты дереккөзінен мұрағатталған 2 ақпан 2012. Тексерілді, 24 қаңтар 2012.
- ↑ The Tasmanian Poppy Industry: A Case Study of the Application of Science and Technology. Australian Society of Agronomy. Тексерілді, 24 қаңтар 2012.
- ↑ Leaders in Poppy Production. GlaxoSmithKline Australia. Басты дереккөзінен мұрағатталған 2 ақпан 2012. Тексерілді, 24 қаңтар 2012.
- ↑ Country Leader newspaper, 15 February 2010, Record high for foreign demand, p. 5, Rural Press, Tamworth, NSW.
- ↑ Pink angers Australian government, BBC News (20 желтоқсан 2006). Тексерілді 9 қаңтардың 2007.
- ↑ Peter Wilkinson In the News. Australian Wool Growers Association (8 қараша 2004). Басты дереккөзінен мұрағатталған 24 қыркүйек 2006.(қолжетпейтін сілтеме) Тексерілді, 9 қаңтар 2007.
- ↑ http://www.abareconomics.com/interactive/ausNZ_ag/htm/au_change.htm Мұрағатталған 30 қыркүйектің 2007 жылы. Retrieved 25-01-09.
- ↑ Қазіргі дүние географиясы: Хрестоматия. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқу құралы. / Қ. Ахметов, Т. Увалиев, Г. Түсіпбекова. - Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-216-5