The Independent
The Independent (ағылш. The Independent — «тәуелсіз») — Британияның таңғы ұлттық газеті. 2010 жылдан бастап Александр Лебедевке тиесілі. Никнеймі Indy. 1986 жылдан бері басылып келетін газет Ұлыбританияда ең жас газеттердің қатарына кіреді. Газеттің редакторы 2013 жылы тағайындалған Амол Раджан, ал редактордың орынбасары 2012 жылдан бері Арчи Блэнд. 28 жасқа келген Блэнд Британияда газет индустриясында жұмыс істейтін жоғары қызметке тағайындалған ең жас азаматтардың бірі.
The Independent | |
Түрі |
Күнделікті газет |
---|---|
Форматы | |
Иесі | |
Құрылған жылы |
1986 |
Бағасы |
GBP 0,70 дс-жм |
Бас кеңсесі | |
Тиражы |
176 681 [1] |
ISSN | |
| |
independent.co.uk |
Бастапқыда газет үлкен форматты болып шыққан, кейін, 2003 жылдан бастап кіші форматқа ауысты. 2013 жылдың тамыз айында газеттің таралымы 68 мыңға жетті, ал жексенбілік газеттің таралымы 110 мыңды құрады.
Тарихы
өңдеуIndependent газеті 1986 жылдың 7 қазанында кең көлемді болып шықты. Газетті Андреас Смит, Стивен Гловер, Мэтью Симондс шығарды. Олардың үшеуі де кезінде The Daily Telegraph-та журналист болып қызмет атқарған. Газет Британиядағы газеттер басылымының түпкілікті өзгеруі кезінде шыққан болатын.
1990 жылдары газетте қаржы жағынан проблемалары болды. Кейбір 1980 жылдары шыққан газеттер, оқырмандардың көңілдерінен шыға алмай жабылып қалып жатты. Олардың арасында Sunday Correspondent болды. Independent те осы мәселелені шешті. Бірнеше компаниялар газетті басқаруға мүдделі болды. Tony O'Reilly's медиа тобы және Mirror Group Newspapers 1994 жылдың ортасында газеттің бірталай бөлігін сатып алды. 1995 жылдың наурызында газеттің акциялары әртүрлі компанияларға тиесілі болды. Independent News & Media-ға 43% пайыз, MGN-ге 43% пайыз және Prisa-ға 12% пайыз.
1996 жылдың сәуір айында тағы да өзгерістер болады. Ал 1998 жылдың наурызында O'Reilly компанияның қалған 54%-ын £30 миллионға сатып алады да, компанияның қарыздарын өзі көтереді. Independent News-ті Бренден Хопкинс басқарды. Сол уақытта Эндрю Марр The Independent-тің, ал Рози Байкот жексенбілік газеттің редакторы болып тағайындалды.
1998 жылдың сәуірінде Рози Байкот The Daily Express-ке ауысады, ал осы жылдың мамыр айында Марр BBC-ге саяси редактор болып қызметке орналасады. Оның орнына Саймон Кельнер тағайындалады. Газеттің тиражы 200'000-нан төмендеп кетеді. Газет тиражын көбейту мақсатында бірнеше өзгертулер еңгізді. Басылымның айналымы көтерілгенімен ол 1989 жылғы деңгейге жете алмады. Жұмыс орындарының және қаржының төмендеуі журналистердің рухын түсірді.
2004 жылдың ортасына қарай газет 5 миллион фунт жоғалтты.
2010 жылдың 25 наурызында Independent News & Media газетті Александр Лебедевке сатты. 2009 жылы Лебедев Британиялық Evening Standard-ті сатып алған болатын. Екі аптадан соң редактор Роджер Алтон орнынан кетеді.
Дереккөздер
өңдеу- ↑ ABCs: National daily newspaper circulation маусым 2011 (ағыл.). guardian.co.uk (15.07.2011). Басты дереккөзінен мұрағатталған 5 ақпан 2012. Тексерілді, 11 шілде 2011.