VIII Эдуард

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

VIII Эдуард
ағылш. Edward VIII
VIII Эдуард
Лауазымы
Ту
Ту
Ұлыбритания және Ирландия патшасы
Ту
Ту
20 қаңтар — 11 желтоқсан 1936
Тәж кигізу жорасы жүргізілмеген
Ізашары V Георг
Ізбасары VI Георг
Биліктен бас тартуы 11 желтоқсан 1936 жыл
Ту
Ту
Үндістан императоры
Ту
Ту
20 қаңтар — 11 желтоқсан 1936
Тәж кигізу жорасы жүргізілмеген
Ізашары V Георг
Ізбасары VI Георг
Биліктен бас тартуы 11 желтоқсан 1936
Өмірбаяны
Дүниеге келуі 23 маусым 1894 (1894-06-23)
Ричмонд (Лондон)
Қайтыс болуы 28 мамыр 1972 (1972-05-28) (77 жас)
Нёйи-сюр-Сен, Париж
Династия Виндзор династиясы
Әкесі V Георг
Қолтаңбасы Қолтаңбасы
Монограммасы Монограммасы
VIII Эдуард Ортаққорда

VIII Эдуард (ағылш. Edward VIII; шоқынған кездегі есімдері Эдуард Альберт Кристиан Георг Андрей Патрик Давид; 23 маусым 1894 28 мамыр 1972) — 1936 жылдың 20 қаңтарынан 11 желтоқсаны аралығындағы 10 ай ішінде Біріккен Ұлыбритания және Ирландия патшалығының патшасы; тәж кигізу жорасы жүргізілмеген. Ұлыбритания Үкіметінің қарсылығына қарамастан, күйеуінен ажырасқан Уоллис Симпсонмен үйлену мақсатында 1936 жылдың 11 желтоқсанында тақтан бас тартады. Тақтан бас тарту себебін Эдуард «Өзі сүйетін әйелдің көмегі мен қолдауынсыз патша міндеттерін атқара алмайтындығымен» түсіндіреді.

Бас тартудан кейін, 1937 жылдың 8 наурызында Виндзор герцогі (ағылш. Duke of Windsor) атағына ие болады. Эдуард Нацистік Германия басшылығымен тақтан бас тартқаннан кейін жеке байланыстары болғандығымен танымал. 1940—1945 жылдары Багам аралдарының губернаторы қызметін атқарады, соғыстан кейін Францияда тұрады.

Оның бұл қылығы Гарри Белафонтенің «Love Alone» атты әнінде шырқалады. Сондай-ақ Эдуарда пен Уоллистің махаббаты Мадоннаның «БІЗ. Махаббатқа сенеміз» атты фильмінде баяндалады.

Сыртқы сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]