Hardee’s

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

“Hardee’s” – американдық фастфудтық ресторандар желісі. Желінің иесі CKE Restaurants болып табылады. Ресторандар негізінен АҚШ-ының шығыс бөлігінде және Шығыс жағалауы өңірінде орналасқан. Оның негізін салушы Харди Уилберг болып табылады.

1960 жылы Солтүстік Каролинада алғаш ашылды.

1965 жылы Германия, Геййдельбергте алғаш халықаралық ресторанын ашты.

1969 жылы 650.000 қосымша акцияларын шығарып, компания бюджеті 8.8 миллион долларға жетті.

1972 жылы Сэнди® ресторандарының 200-ін иемденип, 33 штаттарда жалпы “Hardee’s”-тің ресторандар саны 639-ға жетті.

1978 жылы “Imasco Limited” компаниясы “Hardee’s” компаниясынан 681.000 акцияларын әрбір акцияға 22 АҚШ долларын төлеп сатып алды.

1982 жылы “Hardee’s” компаниясы Индиана штатында орналасқан “Burger Chef” желісінің 650 ресторанын өз иелігіне алды.

1985 жылы Hardee’s” компаниясының сауда дәрежесі 2 млрд. Доллардан асты.

1988 жылы «фаст-фуд» принципі бойынша жұмыс істейтін, қуырылған тағамдарды холестерині жоқ майда пісіретін алғашқы ірі ресторан жүйесі болып танылды.

1990 жылы Уильяма Пратер компанияның Президенті және басты орындаушы директоры болып тағайындалды.

1991 жылы Роберт Ф. Отри компания Президенті болып тағайындалды. Отри шығындарды қысқарту бойынша түрлі программалар аясында компания позициясын нығайтуға көмектесті және жаңа тағамдарды енгізу программасын басшылыққа алды.

1994 жылы компания “Hardee's Rise and Shine™” ерікті көмек көрсететін жаңа программасын жүзеге асыруға кірісті. Програманың бір бөлігі елдегі бастауыш және орта мектептерді қажетті үйретуші құралдармен жабдықтау болып табылды. “Hardee’s” ресторандар желісі елдегі түрлі қайырымдылық шараларын өткізуге өз үлестерін қосты.

1995 жылы «Entrepreneur® Magazine» журналы “Hardee’s” ресторандар желісін ең үздік он франшиздің қатарына қосты.

1997 жылы “CKE Restaurants, Inc.” компаниясы “Hardee's Food Systems, Inc.” компаниясын Монреалда іргесі қаланған “Imasco Limited ” компаниясынан 327 млн. АҚШ долларына сатып алды. Рори Мерфи Президенті және басты операциялық директоры болып тағайындалды.

2000 жылы премиум классқа сай жаңа бургерлер мәзірін шығарады.

2000 жылы Таяу Шығыста 200-інші рестораны ашылады. Бұл уақытта Кувейтте, Бахрейнде, Леванда, Оманда, Египетте, Катарда, Иорданияда, Сауд Арабиясында және ОАР-да “Hardee’s” фастфудтық ресторандар желісі ашылып қойған еді.

2011 жылы компания Қазақстанда Алматы қаласында тұңғыш ресторанын ашады.