Өркешті кит
Өркешті кит | ||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Орташа адаммен салыстырғанда өлшемі
| ||||||||||||||||
Амандық күйі | ||||||||||||||||
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||
| ||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||
Megaptera novaeangliae Borowski, 1781 | ||||||||||||||||
Өркешті кит ареалы
| ||||||||||||||||
Синонимдері | ||||||||||||||||
|
Өркешті кит (лат. Megaptera novaeangliae) — мұртты киттердің бір түрі. Ол әр жылы Аустралияның шығыс және батыс жағалауларына көшіп-қонып жүреді.Олар жазды Антарктикада өткізеді.Солтүстікке тек көбею үшін қоныс аударады.
Сипаттамасы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Өркешті кит шамамен 45-50 жыл өмір сүреді.
- Олардың ұзындығы 15 метрге жуық, ал салмағы 48 тоннаға дейін жетеді.
- Жаңа туған өркешті киттің ұзындығы 4-5 м болады.
- Өркешті кит сағатына 14,5 шақырым жүзеді.Егер олар қауіпті сезетін болса,онда сағатына 26 шақырым дейін жүзе алады.
- Өркешті кит мұхиттың бетін, ашық мұхиттарды,сондай-ақ өте терең емес жағалауларды мекендейді.
Өркешті киттің жүзбеқанаты денесінің төрттен біріне тең болатындай өте үлкен. Денесінің ұзындығы – 5 м, кейде одан да ұзын болуы мүмкін. Өркешті киттің 400-ге жуық мұртшасы бар. Мұрттарының ұзындығы 80-85 см-ге дейін болса, ені 15 см-ге дейін жетеді. Оның денесі жұмыр, құйрық жағы жіңішкелеу, ал басы жалпағырақ болып келеді. Бұл өте көпшіл кит. Олар кейде қорегін аулауға топтасып шығады. Олар судың бетін сабалап, суды көпіршітеді. Содан кейін ғана корегін аулайды. Өркешті киттер теңіздің үлкен толқындарында қиналмай жүзеді және судың өте тереңіне сүңги алады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Акулалар, Дельфиндер және киттер .-Алматы: "Аруна" баспасы. -Сер: "1100 қызықты деректер" ISBN 978-9965-26-553-2