Құқық санасы
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Құқық санасы — құқықтық мәдениет элементтерінін бірі. Ол құқық ілімі мен оған деген қатынастың жиынтығы түрінде көрінеді. Әдеттегі құқықадамдардың күнделікті емірінде ашыла түседі. Оған құқықтық сезімдерге (борыш, әділеттілік, бостандық, тәуелсіздік), тәлім жосықдағдыларына сүйену тән. Кәсіптік құқықсанасы, құқықтық қызметпен арнайы айналысатындар, бәрінен бұрын заңгерлер (судья, адвокат, прокурор, полиция) үшін тән болып саналады. Ең жоғары құқықсанасының деңгейі — теориялық (құқықты терен білу, құқыққа жаңашылдық элементті енгізу қабілеті, құқықтық философия категорияларымен ойлау) болып табылады. Теориялық құқық санасына ғалым-құқық танушылар, оқытушылар ие болады.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6
|