Қытай Ұлттық футбол құрамасы
Қытай Ұлттық футбол құрамасы | |||
Конфедерация | |||
---|---|---|---|
Федерация | |||
Бас бапкері | |||
Капитаны | |||
Ең көп ойын саны |
Ли Вейфэн (122) | ||
Үздік бомбардир |
Хао Хайдун (41) | ||
ФИФА коды |
CHN | ||
Формасы | |||
| |||
Бірінші ойын | |||
Ең ірі жеңіс | |||
19:0 Гуам | |||
Ең ірі жеңіліс | |||
Қытай Ұлттық футбол құрамасы — халықаралық футбол турнирлерінде Қытайдың атынан сынға түсетін құрама. Басқарушы орган — Қытай Футбол Қауымдастығы. АФК және ФИФА мүшесі. 2002 жылғы әлем чемпионатына қатысқан.
Жетістіктері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- Азия кубогының күміс жүлдегері (2): 1984, 2004
- Азия кубогының қола жүлдегері (2): 1976, 1992
- Азия ойындарының күміс жүлдегері (1): 1994
- Азия ойындарының қола жүлдегері (2): 1978, 1998
- Әлем чемпионатының қатысушысы: 2002
Азия кубогы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Азия чемпионатына 11 рет қатысқан. Алғаш рет 1976 жылы қатысып, жартылай финалға дейін жетті. Жартылай финалда Иранмен 90 минут бойы тең айқасып, қосымша таймдарда екі доп жіберіп алды - 0:2. Үшінші орын үшін ойында Иракты 1:0 есебімен ұтты. Ойын тағдырын шешкен жалғыз голды Ху Чайоу соқты.
1984 жылғы Азия чемпионатында финалға жетіп, Сауд Арабиясынан 0:2 есебімен ұтылып қалды. Осы табысын 2004 жылы қайталады. Өз алаңында өткен чемпионатта финалда Жапонияға есе жіберді - 1:3.
2017 жылы Аустралияда өткен әзірше соңғы турнирде 1/4 финалда алаң иелерінен 0:2 есебімен ұтылып қалды.
Азия кубогы-1984. Финал
[өңдеу | қайнарын өңдеу]16 желтоқсан, 1984 |
|
«Ұлттық стадион», Сингапур Көрермендер саны: 26 000 Төреші: Сидзуо Такада |
||||||
Азия кубогы-2004. Финал
[өңдеу | қайнарын өңдеу]7 тамыз, 2004 |
|
«Пролетарий», Пекин Көрермендер саны: 62 000 Төреші: Саад аль-Фадли |
||||||
2002 жылы тұңғыш рет Әлем чемпионатына қатысып, Түркия, Бразилия, Коста-Рика футболшыларымен "С" тобында ойнады. Үш ойында 9 гол жіберіп, өздері бір доп та енгізе алмады. Нәтижесінде бір ұпай да олжалай алмай, соңғы орында қалды. Кейін Бразилия алтын жүлдені, Түркия қола жүлдені иемденді.
С тобы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]О | Команда | О | Жңс | Т | Жңлс | Голдар | ± | Ұ |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
1 | Бразилия | 3 | 3 | 0 | 0 | 11 − 3 | +8 | 9 |
2 | Түркия | 3 | 1 | 1 | 1 | 5 − 3 | +2 | 4 |
3 | Коста-Рика | 3 | 1 | 1 | 1 | 5 − 6 | −1 | 4 |
4 | Қытай | 3 | 0 | 0 | 3 | 0 − 9 | −9 | 0 |
4 маусым, 2002 жыл 15:30 |
|
Кванджу Ворлд Кап Стэдиум, Кванджу Көрермендер: 27,217 Төреші: Кирос Вассарас |
||||||
8 маусым, 2002 жыл 20:30 |
|
Дзеу Уорлд Кап Стэдиум, Согвипхо Көрермендер: 36,750 Төреші: Андерс Фриск |
||||||
13 маусым, 2002 15:30 |
|
Сеул Уорлд Кап Стэдиум, Сеул Көрермендер: 43,605 Төреші: Оскар Руис |
||||||
|