Япет (серік)
Навигацияға өту
Іздеуге өту
Япет (көне грекше: Ἰαπετός) – Сатурнның үшінші үлкен серігі. Оны 1671 жылы Джовани Доменико Кассини ашты. Япетке тән ең ерекше белгі – мұның екі түсті болуы. Оның бір жартышары көмірдей қара болса, екінші жағы жарық. НАСА-ның Кассини атты ғарыш кемесі бұл серіктің экваторы тұсында төмпешігі бар екендігін анықтады. Бұл төмпешік таулар жүйесінен тұрады, кейбір шыңдарының биіктігі 10 км-ге дейін жетеді.[1]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Ғалам Энциклопедиясы, 42 бет Ғаламшарлар бөлімі