Эррол Флинн
Эррол Лесли Томсон Флинн (ағылш. Errol Leslie Thomson Flynn; 20 маусым 1909, Хобарт, Австралия — 14 қазан 1959, Ванкувер, Канада) — аустралия тегінен шыққан танымал голливуд актері, 193-1940 жылдардағы киножұлдыз.
Биографиясы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Эррол Флин 1909 жылы Аустралияның Тасмания аралындағы Хобартта, теңіз биологы Теодора Флинна мен оның әйелі Лили Мэри Янгтың отбасында дүниеге келген. Аустралия мен Англиядағы бірнеше жекеменшік мектептерде оқып, ол жерден үлгерімі төмен болғандықтан оқудан шығарылған. Ал Сиднейдегі мектептен, сол оқу орнының кір жуушысының қызымен жақын қарым–қатынаста болғаны үшін қуылған. Флинн 15 жасында Сиднейлік кеме қатынасы компаниясына клер болып жұмысқа орналасқан, ал бірнеше жылдан соң Жаңа Гвинеяға аттанып, ол жерде бірнеше уақыт темекі плантациясында полицияның менеджері қызметін атқарған. Сонымен қатар алтын өндіретін кең орнына аборигендерді жалдап, жергілікті оқиғалар хақында газетке мақалалар жазып отырған.
Мансабының бас кезі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]1933 жылы Флинн Аустралияға қайтып келген. Сол уақытта оның суреті бір кинопродюссердің қолына түсіп, оны Питкэрн аралының тарихы хақындағы жартылай деректі фильмге түсуге шақырған.Оған ондағы бүлікші Флетчера Кристиан рөлін сомдауға ұсыныс түскен. Фильм «Путём „Баунти“» деп аталған. Оның кино жолындағы дебюті осылай басталған. Жаңа қолөнерге қызығушылық танытқан Флинн сол жылы Ұлыбританияға кетіп, бір жарым жылдай уақыт бойы Лондон және Нортгемптон театр сахналарында табысты рөлдерде ойнаған. Өте әдемі, сымбаты келіскен Флиннді байқаған Teddington Studios компаниясының өкілдері актерге келісім-шарт жасауға ұсыныс білдірген. 1934 жылы «Убийство в Монте-Карло» драмасы ұтымды шыққаннан кейін, Флиннді Голливудқа шақырған.