Феромондар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Феромондаржануарлар өндіретін химиялық заттектер. Фермомондар арқылы бір түр (түрішілік коммуникация) дарақтары арасында ақпарат алмасу іске асады. Фермомондар осы жануардың қандай түрге жататындығы, жынысы, жыныстық циклінің фазасы туралы ақпарат беруге, тіршілік ететін аумақтары мен азық көзіне апаратын жолдарын белгілеуге қолданылады. Мысалы, өрмек құрып жатқан өрмекшілерде аналығы мен аталығының кезде- суіне себепші болатын фермомондар бар екені бұрыннан белгілі. Олардың үш түрі бар: бүркеме фермомондар, өрмек торына байланысты фермомондар және ұшқыш фермомондар. Жуырда француз зоологтары өрмекшіні зерттеп, жамылғы фермомондар мен ұшқыш фермомондардың тек қана аналықтарында болатынын анықтады. Олардың көмегімен өрмекшілер бағытын, жылжитын және өрмек торына баратын жолын (өз түрінің аналығына) анықтайды.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5