Одати
Одати (жапон 大太刀, «үлкен қылыш») — жапон ұзын қылыштарының бір түрі. Қылыш одати аталуы үшін 3 сяку (90,9см) ұзындықтан кем болмауы керек. Әдетте одати жүзінің ұзындыңы 1,6-1,8 метр болатын қылыш.
Қызметі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Одатидың қызметтері төмендегідей:
- Ғибадатханаларға арналған. Кейбір одатилар соғыстағы жеңісті тілей жалбарынатындарға арналса, енді бірі аңыз қылыш ретінде қазынада сақталды.
- Қару ретінде. Ежелгі жазуларды зерттей келе одатидың жаяу әскер қаруы ретінде қолданылғаны белгілі болды.
- Армияның белгісі ретінде. Кей одатилар өте ұзын болған, сондықтан оны байрақ немесе найза секілді армия белгісі ретінде қолданған.
- Түрлі рәсімдерде.
- Ұстаның біліктілігін көрсету үшін.
Негізі одати көбінесе алғашқы екі қызметте қолданылған. Одатиды қару ретінде қолданғанда ол самурайлардың ұстап жүруі үшін өте ұзын және ыңғайсыз болды. Оны ұстап жүрудің екі әдісі болды.
- Арқаға асыну. Бұл әдіс қолайлы болмады, өйткені оны арқадан қолға тез алу мүмкін емес еді.
- Басқа әдіс оңайырақ болды—жәй ғана қолға ұстап жүру. Муромати кезеңінде самурайдың жанында одатиды қынабынан алуға көмектесетін адам еріп жүрді.
Одати 1615 жылғы Осака-Нацуно-Дзин (Токугава Иэясу мен Тоётоми Хидэёри — баласымен Тоётоми Хидэёси) соғысынан кейін толығымен қолданыстан шықты.
Дайындалуы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Одатиді дайындау өте қиын. Жақсы одати жасау үшін төмендегідейлер керек.
- Кәдімгі қылышқа қарағанда көбірек болат пен уақыт жұмсалады. Сонымен қатар бұл қылышты жылдам соғу керек, сондықтан соғып жатқан ұстаның үлкен біліктілігін талап етеді.
- Жеке ұстаханалардағы жұмыс. Әр ұстаханада өз ісінің шебері болу керек.
- Термоөңдеудегі шеберлік.
- Өзгеше құрылғылар.
- Өткірлеудің басқа әдісі керек. Одатиды өткірлеген оны қозғалтпай ұстайды.
Қолданыстан шығу себептері
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- 1615 жылдан кейін соғыстар тоқтатылды.
- Бакуфу үкіметінің қылыштың ұзындығы туралы заң шығаруы. Бұл заңнан кейін көптеген одатилер нормаға байланысты кесілді. Сондықтан қазір одатилер өте аз.
Одати бұдан былай қару ретінде қолданылмады, бірақ Синто кезеңінде ерекше сыйлық ретінде сиға беріліп отырды. Ендігі кезекте бұл оның басты қызметіне айналды.[1][2]
Тағы қараңыз
[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ waysamurai.ru Мұрағатталған 6 қазанның 2014 жылы.
- ↑ kalatckoe.ru Мұрағатталған 6 қазанның 2014 жылы.