Мезозой
Мезозой[1] — Жер тарихының, палеозой мен кайнозой арасындағы эрасы және соған сәйкес келетін тау жыныстарының қабаты. Мезозой эрасын 1841 жылы ағылшын геологі Джордж Филлипс бөліп көрсеткен. Мезозой эрасы төменнен жоғары қарай триас, юра және бор кезеңдеріне бөлінеді. Жаратылыстану ғылымдарының әдістері бойынша бұдан бұрынғы 235,10 — 66,3 миллион жылдар аралығын қамтиды.[2] Жердің даму тарихының бұдан 248 — 65 млн. жыл бұрынғы уақыт аралығын қамтитын, кембрийге дейінгі эрадан есептегенде екінші эрасы; үш кезеңге — триас, юра және бор кезеңдеріне жіктеледі.
Мезозой заманы:
1. Триас кезеңі 35 млн жылға созылған;
2. Юра кезеңі 60 млн жылға созылған;
3. Бор кезеңі 70 млн жылға созылған.
Триас кезеңі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Триас жүйесі (кезеңі) - триас (trіas – үштік, орталығы Еуропаның геологиялық қимасындағы үш түрлі қабаттың біріктірілуіне байланысты аталған) – мезозой эратемасының ең төменгі тау жыныстары қабаттары және олардың жиылған уақыты (251 - 199, 6 млн жыл). Жоғарғы палеозойдағы тіршілік иелерінің жаппай қырылуы нәтижесінде триаста көптеген жаңа фауна мен флора элементтері дүниеге келді. Олардың ішінде аммониттер (Ammonoidea), осы күнгі коралдар, әр-түрлі моллюскілер (Mollusca), динозаврлар және кейбір жалаңұрықтылар (Gymnospermae) болған.
Юра кезеңі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Юра жүйесі немесе Юра кезеңі — мезозой заманын құрайтын үш кезеңнің бірі. Триас пен бор арасында орналасқан юра кезеңі осыдан 199, 6 млн жылдан 145, 5 млн жылға дейін созылады. Ең кең тараған тау жыныстары саз балшық, ізбесті құмдақ және әктас болып, юра кезеңі 11 ярусқа бөлінеді (геттанг, синемюр, плинсбах, тоар, аален, байос, бат, келловей, оксфорд, киммеридж, титон).
Көптеген басқа омыртқасыздармен бірге брахиоподтар, қосқақпалылар және аммониттер кең тараған. Юра кезеңінде рептилиялар жер мен суда көп кездесіп, сүтқоректілер саны аз, көбінесе түңгі өмір сүрген деп есептеледі. Алғаш құстар, оның ішінде археоптерикс кеш юра кезінде пайда болған. Юра – мезозой дәуірінің триастан кейінгі, бордан бұрынғы орта кезеңі және сол кездерде жаралған тау жыныстарының қат - қабаттары. Юра жүйесі осыдан 199, 6 миллион жыл бұрын басталып, 145, 5 миллион жыл бұрын аяқталған, ұзақтығы шамамен 54, 1 миллион жыл. Оны неміс жаратылыстанушы А. Гумбольд Швейцария мен Францияның Юра тауларында анықтап (1822), француз геологы А. Броньяр жеке жүйеге бөліп, қазіргі атымен атаған (1829). Юра жүйесінің жікқабаттық шкаласын алғаш француз палеонтологы А. ДОрбинь жасады, ол юра жүйесін 10 жікқабатқа бөлген.
Бастапқы және ортаңғы юра ағымында термиялық белсенділікпен қатар, атмосфералық жауын - шашынның өзгеруі де байқалған. Солтүстік аридті (құрғақ) белдеу АҚШ пен Солтүстік Африканың бірқатар аудандарын қамтыған. Оңтүстік аридті белдеуге Ортүстік Америка, Сомали және Танзания аумақтары кірген. Құбылмалы ылғалды жағдайлар Бразилия мен Африканың, Арабия мен Үндіқытайдың оңтүстігінде басым таралған. Экваторлық ылғалды климат Мексиканың оңтүстік бөлігін, Гвинея, Камерун, Нигерия мен Египетті қамтыды. Сібір мен Ресейдің солтүстік - шығысы, Моңғолия мен Солтүстік Қытай аумағының едәуір бөлігі ылғалды, субтропиктікке жақын климатпен сипатталады. Бұл белдеудің шартты шекарасы Ақ теңіз, Оңтүстік Орал және Балқаш - Шандунь түбегі арқылы өтетін сызықпен белгіленеді. Субтропиктік белдеудің солтүстігінде орташа температура 15 – 20 С болса, оңтүстік бағытта 18 – 20 С - қа дейін көтерілген. Температуралық режимнің сипаты бойынша соңғы Юра жүйесі экваторлық, тропиктік, субтропиктік және қоңыржай белдеулерге бөлінеді. Изотоптық және магнийлік палеотермометриялық деректер бойынша температура экваторлық белдеуде 26 – 28 С, ал тропиктік белдеуде 21 – 24 С ауқымында өзгерген. Бор кезеңі – мезозой заманына кіретін үш кезеңнің үшіншісі. 145, 5 млн. жыл бұрын басталып 65, 5 млн. жыл бұрын аяқталған. Бор кезеңі Англияның Дувр қаласы маңындағы ағылш.
White Cliffs (Ақ Жартас) деген жерде бордың жинақталуымен және көптеген омыртқалы мен омыртқасыздардың, оның ішінде динозаур, мозазаур, ихтиозаур және плезиозаурлардың жаппай қырылуымен белгіленеді. Соңғы деректер бойынша шамамен 93 млн жыл бұрын жанартау белсенділігі қазіргі деңгейден 300 — 500 есе көбейген. Жанартау қарқындылығы көбінесе қазіргі Кариб теңізінде болған. Атмосфераға көмір қышқылды газ көп мөлшерімен түскен, ал оттегі азайып әкті қабықшасы бар фораменифера деген бір жасушалы жәндіктер жаппай қырылған. Бұлардың сүлделері бор болып жетілді.
Пайдалы қазбалар
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Мезозойлық шөгінділерде әлемдік мұнай мен табиғи газдың негізгі қорлары сақталған. Көптеген кен орындары юра және бор жүйелерінің қабаттарына тән. Мысалы, Персид шығанағының мұнай-газ бассейні, Батыс Сібір мұнай-газ бассейні. Мезозой шөгінділерінен мұнай мен табиғи газды Орталық Кавказ, Солтүстік Каспий, Маңғыстау түбегі және басқа жерлерден де алады. Мезозойдың үлесіне әлемдік көмір қорларының шамамен 1/3 бөлігі тиесілі. Көмір қабаттарының қалыптасуына ең қолайлы кезеңдер юра және бор кезеңдері болды. Осы жас кезеңдермен байланысты көмірлі қабаттар Ресейдегі (Канско-Ачинск, Иркутск, Оңтүстік Якутия, Ленск, Зырян бассейндері) және Қазақстан, Моңғолия, Қытай, Австралия, Канада мен АҚШ аумақтарында кездеседі.[3]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы — геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Қуандықов. 2000 жыл. — 328 бет.
- ↑ “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
- ↑ МЕЗОЗО́ЙСКАЯ ЭРАТЕ́МА (Э́РА)В. Е. Хаин (общая характеристика эры), А. В. Лопатин (органический мир)
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|