Лигурия

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Лигурия
Liguria
Елтаңбасы
Елтаңбасы
Әкімшілігі
Ел

 Италия

Кіреді

Генуя, Империя, Специя, Савона

Әкімшілік орталығы

Генуя

Басшысы

Клаудио Бурландо

Тарихы мен географиясы
Жер аумағы

5 410 км²

Тұрғындары
Тұрғыны

1 760 000 адам

Тығыздығы

330 адам/км²

regione.liguria.it

Лигурия картада

Лигурия (итал. 'және лиг. ) — Лигурия теңізінің солтүстік жағалауындағы Италияның административті ауданы.

Физико-географиялық сипаттамасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Лигурия жер аумағы 5 410 км² құрайды, бұл Италияның Валле-д’Аоста және Молизеден кейін ең кіші аудандарының үшіншісі.

Лигурия Лигурия теңізінің жағалауында орналасқан, өзінің таза (Ривьера) жағалауымен танымал. батыс жағынан аудан Франциямен шектеседі. Франицяның Ницца қаласы осы ауданға жақын орналасқан.

Шығыс жағында Чинкве-Терре. ұлттық паркі орналасқан.

Лигурия Халық тығыздығы жағынан (бір км²-не 292 адам) Ломбардия мен Кампаниядан кейін үшінші орында.

Қала Халқы (2006)
Генуя 620,316
Специя 94,263
Савона 61,766
Сан-Ремо 57,120

Лигурия аты лигурлар атты индоеуропейлік елінен шыққан, кельттердің оларды қайта Жерорта теңізінің жағалауына ысырып тастағанға дейін, ықпалы Еуропаның солтүстігіне дейін жеткен.

Лигурия провинциялары

Орта ғасырларда Легурия Генуяның бақылауына көшті. Генуялық республика ауданды 1796 жылға дейін XV ғасырдағы және XVI ғасырдағы бірнеше үзіліспен басқарды. 1797 жылы Наполеон Генуялық республиканы Легурия республикасы атты француз протекторатына айналдырды. Ал 8 жылдан кейін тіпті Францияға қосып тастады. 1815 жылғы Наполеондық соғыстардан кейін Сардиния корольдігімен басып алынды.

Экономикасы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Лигурияның экономикасы туризмде, Зәйтүн майының өндірісінде, балық аулау өндірісінде және әртүрлі индустриялдық секторларда (құрылыс, яхта қызметі, әскери верфь, керамика, тақтатас өндірісі, мұнай тазалау,авиация) негізделген.

Лигурия ЖІӨ көрсеткіші 2,8 % құрайды. Бұл 41 004,5 млн еуро. Адам басына шаққандағы ЖІӨ көрсеткіші - 25 484,5 еуро. Легуриялық жағалауы италияның кеме құрылысының ең көне ауданы.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]