Куляб
Қала | |
Куляб | |
тәж. Кӯлоб, орыс. Куляб | |
Әкімшілігі | |
---|---|
Ел | |
Облыс | |
Ауданы |
Куляб ауданы |
Тарихы мен географиясы | |
Координаттары |
37°54′43″ с. е. 69°46′51″ ш. б. / 37.91194° с. е. 69.78083° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 37°54′43″ с. е. 69°46′51″ ш. б. / 37.91194° с. е. 69.78083° ш. б. (G) (O) (Я) |
Алғашқы дерек | |
Қала статусы |
1934 |
Жер аумағы |
35 км² |
Орталығының биiктігі |
580 м |
Уақыт белдеуі | |
Тұрғындары | |
Тұрғыны |
▲ 105 800[1] адам (2022) |
Тығыздығы |
3014 адам/км² |
Ұлттық құрамы | |
Конфессиялар | |
Ресми тілі | |
Сандық идентификаторлары | |
Телефон коды |
+992 3322 |
Пошта индексі |
735360 |
Куляб шекарасы
| |
Ортаққордағы санаты: Куляб |
Куляб[2], кейде Күләб[3] (тәж. Кӯлоб, орыс. Куляб) — оңтүстік Тәжікстандағы қала, халық саны бойынша республикадағы төртінші қала, 2019 жылдың 1 қаңтарына халық саны 105 500 адамды құрайды.
Тарихы
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Эллинизм заманында қазіргі Күләб қаласы Грек-бактрия патшалығының құрамында болған еді. Кулябта б.з.б. 200-195 жылдарға жатқызылатын жазба табылды, онда Гелиодотос есімді грек патша I Евтидемге мен оның ұлы I Деметрий үшін Гестияға отты құрбандық үстелін арнағаны белгілі болды.
Тарихшы Мұхаммед ибн Джәрир әт-Табари қаланың тұңғыш дерегін б.з.б. 737 жылына жатқызады, дегенмен қала бұдан әлдеқайда ертерек пайда болды деп саналады. Өзінің бүкіл тарихында Кулоб қазіргі тәжік тілінде Хатлан немесе Хатлон деген атаумен белгілі болды.
XVI ғасырдан бастап Бұхара хандығының (XVIII ғасырдан бастап Бұхара әмірлігі) бір бөлігі, қала 1750 жылы Хатлон атауын Кулябқа өзгертті. Ресейдің Орта Азияны жаулап алуынан кейін КСРО құрамында Тәжік Кеңестік Социалистік Республикасы құрылды. 1929 жылы Куляб республикадағы ең ірі қалалардың біріне айналды.
1990 жылдардың басындағы Тәжікстандағы азамат соғысы кезінде қала Халық майданы жасақтарының негізгі базасы болған. Куляб ауданындағы Данғара ауылы Тәжікстанның 2-ші президенті Эмомали Рахмонның туған жері.
2006 жылы қыркүйекте Куляб өзінің 2700 жылдығын атап өтті.
Әкімшілік бөлінісі
[өңдеу | қайнарын өңдеу]Куляб қаласы құрамына Кулябтың өзі және 4 джаомат жатады.
Джаомат | Халық саны (2015 қаңтар) |
---|---|
Даһана | 29,776 |
Куляб джаоматы | 19,840 |
Зардбор | 23,839 |
Зираки | 28,747 |
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Агентии омори назди Президенти Ҷумҳурии Тоҷикистон ШУМОРАИ АҲОЛИИ ҶУМҲУРИИ ТОҶИКИСТОН ТО 1 ЯНВАРИ СОЛИ 2022.
- ↑ Тәжікстан. Куляб - Қала Тарихы BIRMISS.COM kk.birmiss.com.
- ↑ Тағы жеті мешіт үйсіз-күйсіздерге баспана ретінде берілді islam.kz