Копттар

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Копттархристиан дінін ұстанушы мысырлықтар. Жалпы саны – 3 млн адам (1995). Копттар араб тілінде сөйлейді. Копт тілі тек шіркеуде уағыз айтуда ғана қолданылады. 640 ж. Араб халифаты Мысырды жаулап алғанға дейін, ондағы жергілікті халық жаппай христиан дінінің монофисит тармағын ұстанып келген. Халифат билеушілері шіркеу қарамағындағы жерді мешітке беріп, мұсылман еместерге ауыр салық салды. Осындай әкімшілік, экономикалық қысым Коптnардың басым бөлігін ислам дінін қабылдауға мәжбүр етті. Христиан діні жер салығын төлемейтін қалалықтардың біраз бөлігінде ғана сақталды. 17 ғасырға дейін Коптnар өз ана тілі – копт тілін сақтап келген. Қазіргі кезде копт тілінде діни кітаптар ғана шығарылады. 4 – 7 ғасырлардан-ақ Коптnар жазуы-сызуы бар қала тұрғызып, өзіндік мәдениеті мен өнері дамыған халық саналған. Шіркеу, ғибадатхана салып, оқу орнын ашқан. Коптылардың жыл санауы 284 жылдың 29 тамызынан басталады. Соңғы кезде Копттар қалалы жерде біршама жинақы қоныстанып, қолөнермен, саудамен айналысады. Олардың тұрмыс-тіршілігінің Египет арабтарынан еш айырмашылығы жоқ. Копттардың ұстанған христиан дінінен ислам дінінің де әсері байқалады. Копттар шығысқа қарап сиынады, шіркеуде бас киімін шешпейді, т.б.

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Бок В.Г., Материалы по археологии христианского Египта, СПб., 1901.

“Қазақ Энциклопедиясы”, 11 - том