Аскөк
Dill | ||||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||||||||
| ||||||||||||||||||||
Екі-есімді атауы | ||||||||||||||||||||
Anethum graveolens Карл Линней |
Аскөк (лат. Anethum graveolens) – шатыршагүлділер тұқымдасына жататын бір жылдық және көп жылдық шөптесін өсімдіктер.
Шыққан жерлері – Сирия, Түркия, Үндістан. Қазақстанда иісті Аскөк өседі. Оның сабағының биіктігі 40 – 120 см болады, бұтағы тік келеді. Өткір хош иісті. Жапырақтары жіңішке, үшкір, көп тілімді, түсі жасыл. Гүлдері майда, ашық сары, қос жынысты. Тұқымдары ұсақ сопақша, түсі сұрғылт қоңыр, тұқымының айналасы жұқа қатпарлы қабатпен көмкерілген. Аскөк құнарлы топырақта 2 – 3 жыл бойы өседі. Жасыл жапырақтарында аскорбин қышқылы, каротин, хош иісті дәм беретін эфир майлары бар. Аскөк тұқымын күзде немесе ерте көктемде 10 – 12 күн аралығында, бірнеше қайталап себеді. Жапырақтарын биіктігі 15 см-ге жеткенде 25 – 30 күннен кейін, ал тұқымдарын 80 – 120 күннен кейін жинап алады. Аскөкті тағамға көктей не өңделген түрде қосады, көкөністерді тұздауға дәмдеуіш ретінде пайдаланады.[1]
Аскөкті тұздау және кептіру (Көкөніс, Жемістер мен жидектерді кептіру мақаласын қараңыз) жолымен мол етіп дайындауға мүмкіндік бар. Тұздау үшін гүлдеп үлгермеген жас аскөк іріктеліп, оның тамырын кесіп, жақсылан жуу керек. Содан кейін пышақпен немесе шапқымен турап кесіп, банкаға салады. Банкаға салған соң тұз сеуіп (1 кг аскөкке 200 г тұз себеді), шырыны шыңқанша нығыздау қажет. 2 күннен соң, яғни ол шөккеннен кейін тұздалған аскөкті салқын температурада тоңазытқышта немесе жертөледе сақтау оңтайлы. Аскөк өсіру жөнінде Бақша мақал асын оқыңыз.[2]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Қазақ энциклопедиясы I том
- ↑ Шаңырақ: Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы: Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |