Автовокзал
Автовокзал[1] (грек тілінен autos — өзі, ағылшын тілінен vauxhall — көңіл сергітетін мекеме) — қалааралық автобус жолдарының соңғы және тораптық пункттерінде жолаушылар мен автобус қызметкерлеріне қызмет көрсетуге арналған қала ғимараттары кешені. Ол жолаушылар үйі, ішкі көлік аумағы және вокзал алаңынан тұрады. Автовокзал ғимаратында жолаушылардың күту залы, кассалар, ана мен бала бөлмесі, қол жүгін сақтайтын қоймалар, кафетерий, сантехникалық тораптар, диспетчерлік қызмет, автобус жүргізушілері және әкімшілік бөлмелері т.б. болады. Автовокзал аумағында жолаушыларды автобусқа отырғызып-түсіретін перрон, рейс аралықтарында автобустар тұратын алаң, автобус қорабын жуатын қондырғылар т.б. орналасады. Автовокзал автобустар қозғалысын басқаруға арналған автоматты сигнал беру құралдарымен, радиобайланыс және теледидар құралдарымен жабдықталады. Автовокзал кейде темір жол не өзен вокзалымен біріктіріліп те салынады. Алматы қаласының автовокзалы әзірге Қазақстандағы бірегей құрылыс болып табылады. Одан облыс орталықтарына, Бішкек және Ташкентке тәулігіне 1 мыңнан аса автобус қатынайды. 32 мың жолаушы тасылады (1998).[2][3]
Дереккөздер
[өңдеу | қайнарын өңдеу]- ↑ Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.
- ↑ Қазақ ұлттық энциклопедиясы
- ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006. ISBN 9965-808-88-0
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |