Жусан

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Жусан
теңіз жусаны
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
(unranked) Asterids
Сабы: Asterales
Тұқымдасы: Asteraceae
Кіші тұқымдасы: Asteroideae
Тайпасы: Anthemideae
Кіші тайпасы: Artemisiinae
Тегі: Artemisia
Карл Линней, 1753
Үлгілік түрі
Artemisia vulgaris
L.
түрлері

200 - 400 түрі белгілі

A.

Жусан (лат. Artemisia) – астралылар тұқымдасына жататын көп жылдық, кейде бір немесе екі жылдық шөптесін өсімдіктер тегі, көбіне шала бұта.


Қазақстанның барлық жерінде – шөл-шөлейтті далада, таулы жерлерде өсетін 81 түрі бар. Жусанның биіктігі 10 – 60 см, кейде 1,5 – 2 м-дей болады. Сабағы тік немесе жерге жайылып өседі. Жапырағы кезектесіп орналасқан, қауырсын тәрізді, шеті тілімденген, кейде бүтін жиекті. Ұсақ гүлі қос жынысты, сары түсті, себеттері көп, әбден піскен кезде шашыраңқы иіліп келген сыпыртқы гүлшоғырын құрайды. Шілдеден қыркүйекке дейін гүлдейді. Жемісі – тұқымша. Жусанның 17 түрі – сирек кездесетін эндемик түрге жатады, ал Қазақстанда ғана өсетін бір түрі – дәрмененің дәрілік шөп ретінде ерекше мәні бар. Шырғалжын жусанның жапырағы мен сабағы жеуге жарамды, құм жусаны құм тоқтату үшін пайдаланылады. Арасында улы түрі (таврий жусаны) де кездеседі, оны мал жемейді. Жусан – құнарлы мал азығы, дәрілік, бояуыш, тағамдық, витаминді, эфир майлы өсімдік. Жусанды қолдан (мысалы, тамыржусан) да өсіреді.[1]

Жусан туралы жазылған шығармалар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Сайын Мұратбеков «Жусан иісі»
  2. Мұрат Ескендірұлы Әджи «Жусанды қыпшақ даласы»

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Балалар энциклопедиясы