Екей

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Екей — қазақ халқының құрамындағы ру. Шежіре деректері бойынша, Ұлы жүз құрамындағы шапырашты тайпасынан таратылады. Орыс синологы Иакинф Бичурин (1777-1853-ж.ж.) бойынша Икюй, Лэуфань, Сюань және т.с.с. бірлестіктер қазіргі жыл санаудан бұрынғы бірінші мыңжылдықта ежелгі Ғұндардың ең мықты тайпалары болған. Икюй елінің Қытай кнәздіктерімен шекаралас 24 бекініс-қалашықтары болыпты деп жазады.

Шапырашты —"Бес шам шапырашты" деп аталса. Екей — осы бесеудің (Екей, Есқожда, Айқым, Асыл , Шыбыл) бірі. Екей өз ішінде Бәйімбет, Жәрімбет болып екіге бөлінеді. Жәрімбеттен — Ізбасар, Кешубай, Сәдібек, Саполат, Орыс баласы, Әлти, Қосай, Баянайкүшік, Ақтөбет, Бердіс, Бәйімбеттен — Бұйдалы, Дербіс аталары тарайды.

Бұрынғы Верный уезінің Ұзынағаш, Бидалы, Шамалған болыстарының Қасқабұлақ, Қарасу, Қызылауыз, Ащыбұлақ, Сұмса дейтін жерлерін қыстап, жазда Алатау бөктеріне қоңыстанған. Мал өсіріп егін салған.

Жамбыл, Сүйінбай ақындар Екей руынан щыққан.

Ұраны —Қарасай. Таңбасы — ай, тұмар.[1]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, III том; М. Оспан