Дәрі мәрпі
Дәрі мәрпі (сарғалдақтар тұқымдасы)
Қазақстанның солтүстік облыстарында орманды далалы жиірек дала аумағында,сондай-ақ Алтай,Тарбағатай және Жоңғар Алатауында кездеседі.Кесілген жапырақты ормандарда,алаңқайларда және егістіктерде,өзен,бұлақ жағалауларында тасты беткейлердегі шабындықтарда өседі.Тауларда субальпі белдеулеріне дейін көтеріледі.Көлемі кіші,жер асты бөлігі екі сопақ түйнекке ұқсайды,жапырағы көп тарамдалған және гүлдерінің түсі сары.Гүлдерінің пішіні бірдей,дөңгелене иілген,мәрпінің басым көпшілігіне ұқсас.Гүлшоғыры бәрінен бұрын жай шашақтың түріне жақын,аз бұтақты.Бұл түр шілде-тамызда гүлдейді.Улы заттар бөледі.Олар – алкалоидтар.Үй жануарлары жемейді.Халықтық медицинада жер үсті бөлігі қояншық ауруына,бас ауруларына және түрлі улануларға қарсы қолданылады.
Дереккөздер:Қазақстанның өсімдіктер энциклопедиясы.