Диод

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
1-сурет. Жартылай өткізгішті және лампалы диодтар

Дио́д (көне грекше: δις[1] — екі және -од[2] шекті)  — екі электродты, электр тогының бағытына байланысты әртүрлі өтімділігі бар электронды аспап.

Жасау және даму тарихы

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Схемотехникалық кескінді электровакуумды диод:
ортасындағы жылытқыш шыны лампалы — катод, шеткі жағындағы — анод. Оң жағындағы — лампалы диодтың сұлбадағы белгіленуі.
Сол жақтағы — жартылай өтізгішті диодтың қарапайым түрі. Жоғарғы және сол жақтағы — диодтың сұлбадағы шартты белгісі (ГОСТ 2.730-73 бойынша) .

Диодтарды дамыту бiрден екі бағытта XIX ғасырдың үшiншi ширегiнде басталды: 1873 жылы британдық ғалым Фредерик Гутри термиондық (вакуум шамды тікелей қыздыру арқылы), ал 1874 жылы германдық ғалымды Карл Фердинанд Браун (қатты денелi ) кристалды диодтарды жұмыс істеу принципн ашты. 1880 жылдың 13 ақпанында Томас Эдисонды қайтадан термионды диодтың жұмыс істеу принципін қайта ашты, және содан соң 1883 жылы патенттеген(№ 307031-шi АҚШ патентi). Дегенменде Эдисон жұмыстарын ары қарай дамытуға идея болмады. 1899 жылы германдық ғалым Карлы Браун Фердинанд кристаллды түзеткiштi патенттады.

1. Екі электродты электровакуумдық аспап немесе жартылай өткізгіштік диод, токты бір бағытта өткізетін құрал. Радиоаппаратураларда айнымалы токты түзету, модуляцияланған тербелістерді детекторлеу, жиіліктерді өзгерту, электр тізбектерін қайта қосу үшін қолданылады.

2. Екі электродты вакуумдық, газразрядты немесе шалаөткізгіш аспап; электр тогы бағытына байланысты өткізгіштігі әр түрлі болады: тура бағыттагы токтар үшін өткізгіштігі жоғары және кері бағыттағы токтар үшін — төмен. Электр және радиоэлектрондық аппараттарда айнымалы токты түзету, детекторлеу, электр тербелістерін түрлендіру, электр тізбектерін ажыратып-қосу үшін қолданылады. [3]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Кибернетика сөздігі / Академик В. С. Михалевича редакциялығымен — 2-ші. — Киев, 1989. — (С48). — 50000 таралым. — ISBN 5-88500-008-5.
  2. www.yourdictionary.com: жұрнағ -од (ode) Мұрағатталған 30 қазанның 2012 жылы. (ағыл.)
  3. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 ISBN 9965-36-448-6