Демпинг

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту

Демпинг (нем. dumping' - сөзбе-сөз мағынасы: лақтырып тастау)

  1. тауарлардың сыртқа едәуір төмен бағамен (кейде оны "тастанды" баға деп атайды) шығарылуы;
  2. тауарлардың ішкі нарықтағы бағаға қарағанда сыртқы нарықта неғұрлым төмен бағамен сатылуы. Мазмұнына қарай екі нысанға бөлінеді: тауар демпингі - тауарларды басқа елдің нарықтарында төмендетілген бағамен сату, яғни ол дағдылы коммерциялық операцияларда қолданылады; валюта демпингі, мұнда валютамен неғүрлым қамтамасыз етілген елден валютасының тұрақтылығы жоғары елге тауарлар төмен бағамен шығарылады.

Демпинг – экспортер-өндірушілердің сыртқы рынокта тауарларын ішкі бағадан төмен бағамен сатуы. Демпингтің тұрақты жəне уақытша түрлері болады. Тұрақты демпинг-фирмалардың сыртқы рынокта монополиялық пайда табуы үшін ұзақ бойы тауарларын əлемдік рынокта төмен бағамен сату. Уақытша демпинг – тауарларды сыртқы рынокта өзіндік құнынан төмен бағамен сату. Демпингтің бұл түрі бəсекелесін рыноктан ығыстырып, монополиялық билік орнату үшін уақытша қолданылады.[1][2]

Демпинг әдетте мынадай нысандарда болады: стихиялық (жекелеген) демпинг — тауарды шетелде өткізу оның болжанбаған жағдайда мол болып шығуына апарып соқтырады (құбылыс ретінде жекелеген сипатта болады); тонаушылық демпинг - шетелдік жеткізушілердің олардың өз нарықтарындағы жағдайына нұқсан келтіру ниетімен (сыртқы нарықтағы бәсекені жою және монополия құру мақсатымен) тауарды шетелге ішкі нарықтағыңан төмен бағамен саналы түрде, әдейі шығару; орнықты демпингі — ішкі нарықпен салыстырғанда баға жөнінен неғұрлым икемді сыртқы нарықта бәсекелесуге қабілетті шепті жеңіп алу мақсатымен демпингсаясатын іске асыру жөніндегі ұзақ уақытқа созылған тұрақты демпинг.[3]

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Дереккөз: Доғалов А. Н., Досмағанбетов Н. С. Макроэкономика: экономикалық мамандықтарға арналған оқу лық/ А. Н. Доғалов, Н. С. Досмағанбетов – 2-бас., өңд. жəне толықт. – Алматы: ЖШС РПБК «Дəуір», 2012. – 416 б.
  2. Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы — Алматы: Экономика, 2006. ISBN 9965-783-20-9
  3. Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім жэне ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2