С-75
С-75 Двина (НАТО-да қабылданған атауы: SA-2 GUIDELINE) | |
---|---|
V-750 зымыраны қосылған С-75 зымыраны бүркемеленген ұшырғышта | |
Түрі | Стратегиялық ЖӘЗ жүйесі |
Шығарған елі | КСРО |
Қызмет тарихы | |
Пайдаланым мезгілі | 1957-қазірге дейін |
Пайдаланған жақтары | қараңыз бұрынғы және қазіргі пайдаланушылары |
Соғыстар мен жанжалдар |
Вьетнам соғысы, Алты күндік соғыс, Суық соғыс, Парсы шығанағы соғысы |
Өндіріс тарихы | |
Әрлендірушісі | Лавочкин БКБ-сы |
Әрлендіру кезі | 1953-1957 |
Өндіру кезі | 1957 |
Өндіріс көлемі | шамамен 4600 данасы дайындалған |
Нұсқалары | С-75 «Двина», С-75M-2 «Волхов-М», С-75 «Десна», С-75M «Волхов», С-75M «Волга» |
С-75 (НАТО-да қабылданған атауы: SA-2 Guideline) — Кеңес Одағында жасалып келген, жоғары биіктікті, командалар арқылы басқарылатын жер-әуе зымыран (ЖӘЗ) жүйесі. Оны дамытып шығарған — Лавочкин БКБ-сы. 1957 жылдан қолданыла бастаған бұл зымыран жүйесі тарихтағы ең көп тараған және ең көп қолданылған әуе қорғанысы зымыранына айналды.
Бұл зымыран жүйесі 1960 жылы Кеңес Одағының әуе кеңістігіне енген АҚШ әскери әуе күштерінің У-2 барлау ұшағын атып түсіргеннен кейін танымалдылыққа ие болды. Кейінірек Вьетнам соғысының кезінде солтүстік Вьетнам оларды Ханой мен Хайфон қалаларын әуе шабуылдарынан қорғауға кең қолданды. С-75 Қытай Халық Республикасында да HQ-1 және HQ-2 деген жергілікті аттармен шығарылды. Басқа да елдер С-75-тің өздерінің жергілікті түрлерін шығарумен айналысты.
Сыртқы Сілтемелер
[өңдеу | қайнарын өңдеу] Ортаққорда бұған қатысты медиа санаты бар: S-75 Dvina |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |