Дэвид Юм

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Дэвид Юм
Жалпы мағлұмат
Туған күні

26 сәуір (7 мамыр) 1711 (1711-05-07)

Туған жері

Эдинбург, Шотландия

Қайтыс болған күні

25 тамыз 1776 (1776-08-25) (65 жас)

Қайтыс болған жері

Эдинбург, Шотландия

Азаматтығы

Ұлыбритания, Ұлыбритания Патшалығы

Шығармашылығы
Мектеп/дәстүр

Эмпиризм,
Шотландтық ағарту

Бағыты

Эмпиризм

Кезең

Ағарту

Негізгі қызығушылығы

Метафизика, Эпистемология, Сана философиясы, Этика, Саясат, Эстетика, Дін философиясы

Ықпал еткендер

Джон Локк, Джордж Беркли, Фрэнсис Хатчесон, Исаак Ньютон

Ықпалды жалғастырушылар

Адам Смит, Адам Фергюсон, Иммануил Кант, Джереми Бентам, Джеймс Мэдисон, Александр Гамильтон, Огюст Конт, Уильям Джемс, Чарльз Дарвин, Бертран Рассел, Томас Генри Хаксли, Джон Стюарт Милль, Альберт Эйнштейн, Альфред Джулс Айер, Джон Лесли Мэки

Дэвид Юм (ағылш. David Hume, 26.4.1711, Эдинбург, Шотландия, – 25.8.1776, сонда) – ағылшын философы, тарихшы, экономист, көсемсөзші.

Ғылыми еңбектері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Юм жаңаеуропалық агностицизмнің негізгі қағидаттаран жүйелеп, позитивизмнің бастауында тұрды. Адам өзін қоршаған дүниені сезім мүшелерінің көмегімен, түйсіктерінің жиынтығы арқылы таниды деп мойындағанымен, материалдық дүниенің реалды өмір сүретіндігіне күмән келтіреді. Оның пікірінше, адамның ақылы сезім мүшелері беретін білімнен басқа білім бере алмайды, өзінің рухани тәжірибесінен басқаны қорыта алмайды. Юм ойынша, тәжірибе дегеніміз «әсерлер» ағыны, оның себептері түсініксіз және тәжірибені логикалық жолмен дәлелдеу мүмкін емес, сондықтан тәжірибелік білім дұрыс бола алмайды. 1739 – 40 ж. “Адам табиғаты жайлы трактатын” жариялады. Отанында Юм “Эссе” (1741) атты қоғамдық-саяси, моральдық-эстетикалық және эконикалық тақырыпқа арналған еңбегімен, ал, Францияда “Діннің негізгі тарихы” шығармасымен кеңінен танылды. Юмның таным теориясы Локтың материалистік таным теориясын, Берклидің субъетивті идеялизмін агностицизм және феноменология тұрғысынан қарастыруы негізінде қалыптасты. Психикалық детерменизм тұрғысынан ерік-жігер бостандығын жоққа шығарып, Беркли дамытқан субстанция сынын қолдана отырып, рухани субстанция ұғымын сынады. Социологияға байланысты пікірлерінде Юм “билік құдайдан” деген ежелден келе жатқан идеяға да, мемлекеттің шығуына байланысты өз заманындағы басқа пікірлерге де қарсы болды. Юмнің пікірінше қоғам отбасылардың ұлғайып өсуімен пайда болған саяси билік немесе халық бағынып үйренген “әскери билік”. Оның заңдылығын билікте ұзақ уақыт тұруымен және жеке меншікті қорғай білуімен анықтауға болады. Юмның позитивистік идеяларының ықпалымен 19 – 20 ғасырларда эмпириокритицизм, неопозитивизм, лингвистикалық философия сияқты позитивистік ілімдер дамыды[1].

Дереккөздер:

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Қазақ энциклопедиясы, 10 - том
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:David Hume