Струмица (бұрын Струмница деп аталған) — Македониядағы қала. Халық саны: 35 311. Струмица қауымдастығының орталығы.

Географиясы

өңдеу

Қала Македонияның оңтүстік-шығысындағы Болгария мен Грекия шекарасына жақын маңдағы Струмица шұңқырында орналасқан.

Көршілес жатқан қалалар: Валандово, Радовиш (Македония) және Петрич (Болгария). Қаланы қақ жарып Сртумица өзені ағып жатыр (Струмешница).

Тарихы

өңдеу

1913 жылы Екінші Балқан соғысы кезінде қаланы гректер жаулап алады. Бухарест келісімінен кейін қала Сербияның иелігіне өтеді. Осыдан кейін қаладағы гректердің көп бөлігі Килкис қаласына қоныстанады. Струмицадан қоныс аударған халық санының тым көп болғандығынан ел арасында Килкис қаласын Жаңа Струмица деп атап кеткен.

Дереккөздер

өңдеу