Ирландия
Ирландия (ирл. Éire; ағылш. Ireland), ресми атауы — Ирланд Республикасы (ирл. Poblacht na hÉireann; ағылш. Republic of Ireland) — Ирландия аралының көбін алып жатқан Батыс Еуропа мемлекеті. Ауданы — 70,2 мың км². Елдің аты ирл. Éire деген сөзден шыққан. Астанасы — Дублин.
Ирландия ирл. Éire ағылш. Ireland | |||||
| |||||
Әнұран: «Amhrán na bhFiann» (тыңдау ) | |||||
Тарихы | |||||
---|---|---|---|---|---|
Тәуелсіздік күні | 6 желтоқсан 1922 жыл (Ұлыбритания және Ирландия Біріккен Патшалығынан) | ||||
Мемлекеттік құрылымы | |||||
Ресми тілдері | ирланд тілі, ағылшын тілі | ||||
Елорда | Дублин | ||||
Ірі қалалары | Дублин, Корк | ||||
Үкімет түрі | Парламенттік республика | ||||
Президенті Премьер-министрі |
Майкл Хиггинс Майкл Мартин | ||||
Мемлекеттік діні | зайырлы мемлекет | ||||
Географиясы | |||||
Жер аумағы • Барлығы • % су беті |
Әлем бойынша 118-ші орын 70 273 км² 2 | ||||
Жұрты • Сарап (2019) • Тығыздығы |
▲ 4 921 500[1] адам (122-ші) 70 адам/км² (113-ші) | ||||
Экономикасы | |||||
ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды (2018) • Жан басына шаққанда |
382 млрд.[2] $ (56-шы) 79,925[2] $ (7-ші) | ||||
ЖІӨ (номинал) • Қорытынды (2018) • Жан басына шаққанда |
385 млрд.[2] $ (42-ші) 80,641[2] $ (4-ші) | ||||
АДИ (2017) | ▲ 0,938[3] (өте жоғары) (4-ші) | ||||
Валютасы | еуро | ||||
Қосымша мәліметтер | |||||
Интернет үйшігі | .ie | ||||
ISO коды | IE | ||||
ХОК коды | IRL | ||||
Телефон коды | +353 | ||||
Уақыт белдеулері | +0 |
Атауы
өңдеу1937 жылы конституциясы бойынша мемлекет аты — "Éire, немесе, ағылш. Ireland" деп бекітілген. Билігін бүкіл аралға тарату ниетімен 1949 жылы Дублин ел атауын "Ирландия Республикасы" деп өзгертті.
Жағрапиясы
өңдеуЖағрапиялық мағлұматтарды Ирландия аралы және Ирландия жағрапиясы деген мақалалардан қараңыз.
Саяси құрлымы
өңдеуИрландия — республика.
Қазіргі конституциясы 1937 жылдың 1 шілдесінде плебисцитта қабылданды. 1937 жылдың 29 желтоқсанында күшке енді .
Ирландия президенті (ирл. Uachtarán) халық референдумымен 7 жылда бір рет сайланады. Президенттің, үкімет сұранысы бойынша парламенттің төменгі палатасын шақыруға және таратуға құқығы бар, ол заңдарды жариялайды, соттар мен басқа да жоғарғы лауазымдарды тағайындайды және бас қолбасшы лауазымына ие болады.
Шын мәнінде үкімет басы — премьер-министрді (Taoiseach) — өкілдер палатасының ұсынысы бойынша президент тағайындайды.
Жоғарғы заң шығарушы орган — парламент (ирл. Tithe An Oireachtais). Құрамында 2 палата бар: өкілдер палатасы мен сенат.
Өкілдер палатасында 160-тан 170-ге дейін мүше бар. Олар халық тарапынан тікелей құпия дауысберу арқылы сайланады.
Сенат құрамында 60 мүше бар, олардың 11-ін премьер-министр тағайындайды, 6-ы Ұлттық және Дублин университеттерімен сайланады, 43-і жанама сайлау арқылы ерекше тізіммен (тізімдегі кандидаттар әртүрлі мекемелер мен ұжымдардың ұсынысымен кіргізіледі) өтеді. Сенаттың сайлау коллегиясы 900 адамнан тұрады, олардың ішінде өкілдер палатасының мүшелері, муниципалитеттер мен графтықтар кеңесінің мүшелері бар. Палаталардың жұмыс мерзімі — 7 жыл.
Әкімшілік құрлымы
өңдеу- Ленстер провинциясы (Leinster/Cúige Laighean):
- Карлоу (Carlow/Contae Cheatharlaigh)
- Дублин (Dublin/Contae átha Cliath)
- Килдэр (Kildare/Contae Chill Dara)
- Килкенни (Kilkenny/Contae Chill Chainnigh)
- Лииш (Laois/Contae Laoise)
- Лонгфорд (Longford/An Longphort)
- Лаут (Louth/Contae Lú)
- Мит (Meath/Contae na Mí)
- Оффали (Offaly/Contae Uíbh Fhailí)
- Уэстмит (Westmeath/Contae na hIarmhí)
- Уэксфорд (Wexford/Contae Loch Garman)
- Уиклоу (Wicklow/Contae Chill Mhantáin)
- Манстер провинциясы (Munster/Cuige Mumhan):
- Коннахт провинция (Connacht/Cúige Chonnacht):
- Ольстер провинциясы (Ulster/Cúige Ulaidh):
Ирландия Республикасы |
Типперэри графтығы 2 суб-субъект болып басқарылады: Типперэри Солтүстік Ридинг және Типперэри Оңтүстік Ридинг.
Экономикасы
өңдеуТарихы
өңдеуИрландия қарулы күштері
өңдеуМәдениеті
өңдеуДереккөздер
өңдеу- ↑ Population and migration estimates April 2019 (27 August 2019).
- ↑ a b c d Ireland. International Monetary Fund. Тексерілді, 1 қазан 2017.
- ↑ 2016 Human Development Report. United Nations Development Programme (2017). Тексерілді, 23 наурыз 2017.