Temple Run (ағылш. Ғибадатханадан қашу) — Роли қаласында (Солтүстік Каролина) орналасқан Imangi студиясымен жасалған ақыр шегі жоқ (яғни, бітіру мүмкін емес) ойын.

Ойын құбыжық маймылдармен қорғалатын ғибадатханадан пұтты ұрлағысы келген бірнеше қызыққұмар зерттеушілер туралы әңгімелейді. Ойыншы зерттеушілерді сенсорлы экрандағы қарапайым қол қозғалыстарымен немесе құрылғыны бір жаққа еңкейту арқылы басқарады. Ойынның мақсаты — майымлдарға жем болмай, неғұрлым ұзағырақ жүгіріп өту. Ойын iOS және Android платформаларына шығарылған. Бастапқыа ойын тек iOS операциялық жүйесіне шығарылды, бірақ 2012 жылдың наурыз айныда Android қолданушыларына да қолжетімді болды.

iTunes Store желілік дүкенінде 2011 жылдың желтоқсан айының ең көп жазылған ойындарының қатарына кірді, сонымен қатар тегін бағдарламаларың қатарында бірінші орынға иемденді. Ойынды Android операциялық жүйесіне шығарғанда, ойыншылар оны үш күн ішінде миллион рет жазып үлгерді. Бұрын ойын 99 цент бағасымен сатылатын еді, бірақ Imangi Stuios 2011 жылдың алдында бұл ойынды freemium (ru) моделіне көшіріп, тегін қылды. Бұның орнына құрастырушылар ойын ішіндегі теңгелерді сатумен ақша табады. Android-қа шыққан ойын үлгісі алғашқы күннен бастап тегін болды.

Сыртқы сілтемелер

өңдеу